​«Төрт әйелден он балам бар»: ақын Маралтай Райымбекұлы ел білмейтін құпиясын жайып салды

0
3 169

«Әлия дейтін қызымның барын 15 жылдан кейін бір-ақ білдім»


​«Төрт әйелден он балам бар»: ақын Маралтай Райымбекұлы ел білмейтін құпиясын жайып салды


Ақын Маралтай Райымбекұлы «Алғашқы» бағдарламасында отбасылық өмірінен сыр шертті.


Бағдарлама барысында ақын қызынан хат алды. «Қолыма қалам алып, осы жазбаны жазарда көп ойландым. Кейде біздің арамыз ғарыштан да алыс, кейде демнен де жақын тәрізді. Себебі менің бала болмысымды бір сәтте есейтіп жіберген тағдырымдағы өзгеріс - өзіңізсіз. Өзге балалар ойнап жүргенде кітаппен ғана достасқанымның, әлемді басқаша қабылдағанымның себебін енді ғана түсіндім. Алатаудай ақкөңіл, Қаратаудай қатал қалпыңызда біздің бағымызға аман жүріңіз. Сізді жақсы көремін. Сәлеммен, Әлия!» деп жазылған екен.


«Бұл хаттың соңы әке деп аяқталуы керек еді, сонда бәрі түсінікті болар еді. Мен тағдырым өзі алақұйын ғой. Біресе олай, біресе бұлай боп жатады. Құдай маған 10 бала берді, соны маңдайы жарқыраған, қазақтың аяулы, ардақты төрт қызынан нәсіп етті. Мына Әлия менің тұңғыш қызым, оның өмірде бар екенін 15 жыл бойы білген жоқпын. Бұл Әлияның тағдыры елге, жұртқа құпия, жабық қалпында қалғанын қалаймын. Өйткені оның себептері бар» деді ақын.


Ақын өзінің тағдырына еш өкінбейтінін айтты. Сондай-ақ, төрт әйелінің алдымен өлеңіне, сосын өзіне ғашық болатынын жеткізді.


«Мен тағдырыма еш өкінбеймін. Сондай халді бастан кештім, бұны да маған Алла нәсіп қылды. Шүкір деп айтайын, балалар бірін-бірі толық қабылдады. Әрине, мұның бәрі менің еңбегім емес, осы балалардың аналарының еңбегі. Отбасымда менің шайымды құйып отырған Шәкидің еңбегі. Ымыраластырып, бастарын біріктіріп, хабарластырып отыр. Бұл нәрсе бізде жолға қойылған. Бұл тағдырды бәріміз бірігіп көтеріп келе жатырмыз», - деді Маралтай Райымбекұлы.