Әншінің түрік аспазымен ерсі құшақтасуы оның оқырмандарының ашуын тудырған.
Әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әйгілі түрік аспазшысы, "тұздау әдісімен" жұлдыз болған Нұсрет Гөкшемен құшақтасып тұрған суретін жүктеп мақтанды. Суретте Қазақстанның шоу бизнес жұлдызын, түріктің әйгілі аспазы қатты құшақтап алған.
"Қасапшы ағамның құшақтауы да жаман емес! Мен де аямай құшағына оранып алыппын тіпті! Ұят емес пе, Ерке?! Бұл кім десеңіздер? Ет әлемінің патшасы - Нусрет! Жәй ғана еттің арқасында әлемге әйгілі! Өз ісін соншалықты сүйген адам үлкен жетістікке бәрібір жетеді. Соның бір мысалы - осы кісі" , - деп жазады әнші парақшасында.
Әншінің түрік аспазымен ерсі құшақтасуы оның оқырмандарының ашуын тудырған.
"Мынауың тіптен ұят!", "Мына фотодан кейін маған ұнамай қалдың Ерке!", "Ұятың болса осындай сурет қоймас едің", "Ерке қазақ қызына сай бол!! Мына фотоңды өшіргенің дұрыс болар еді. Қазақ атына заты сай халық!", "Қарақтарым ай фотоға түссең түсе ғой, қайдағы бір даладағы адамға жабыспай, құшақтатпай түсуге болмай ма?" - деп жазады желі қолданушылары.