​«Ұл болса деп тілеп жүрмін»: Алтынай Жорабаева жақында сәбилі болатынын жеткізді

0
7 415

«Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі жетпей қалды»


​«Ұл болса деп тілеп жүрмін»: Алтынай Жорабаева жақында сәбилі болатынын жеткізді

Әнші Алтынай Жорабаева «Инстаграм» желісі арқылы қуанышымен бөлісті. Ол жақында бесінші перзентін дүниеге әкелмек.


«Алланың қалауымен, Сіздердің ақ тілектеріңізбен, Әке-Анам, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен, Алишер екеумізға Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен. Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды. Негізі, 3 жылдай қатты үміттенген едік. Содан былтырдан бері үмітімізді үзгенбіз. Себебі, жас та келіп қалды дегендей...


Мені қоя берші, Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп. Сонда Алишер «Жаным-ау, уайымдама, бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, «неге балаң болмады» деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан Алла бізден жақсы біледі, ненің қайырлы екенін» деген соң кішкене уайымым басылған. Шынында да Алланың өз есебі бар екен ғой.


Айтпақшы, бәрібір мен пендешілікпен ұл болса деп қоям. Ал Алишерге ұл бола ма, қыз бола ма, бәрібір. «Ең бастысы, сендей жаннан перзент сүйсем, бақыттымын» деді. Ал, ақ тілектеріңізді жаудырыңыздар, өздеріңізге еселеп қайтсын!» деп жазды Алтынай Жорабаева.


Әншінің сүйінші хабарына Жазира Байырбекова, Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым, Салтанат Бақаева, Тамара Асар, Маржан Арапбаева сынды әріптестері жылы лебіздерін білдірді. «Шын қуанып, көзіме жас келді ғой, тілекшіміз», «Ұзағынан сүйіндірсін, Алтош!», «Ұл тап, маңдайының бағы бес елі бала болсын!», «Бақытың баянды болсын!» деп тілек қосты көпшілік.


Айта кетейік, Алтынайдың бірінші күйеуінен, актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтан төрт қызы бар. Осыдан біраз жыл бұрын әнші күйеуімен ажырасып, Алишер есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын.