Үш баласы бар: атышулы блогер әйеліне 12 жылдан кейін барып үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)

0
223

​Блогердің әйелі Эльмира Төлегенова екеуінің үйлену тойы өтпегенін айтты.


Үш баласы бар: атышулы блогер әйеліне 12 жылдан кейін барып үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Фото: Instagram/elt6i

ERNUR.KZ. Атышулы блогер Ерболат Жанәбілов жұбайына 12 жылдан кейін барып үйлену туралы ұсыныс жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Блогердің әйелі Эльмира Төлегенова екеуінің үйлену тойы өтпегенін айтты.

«Студент кезімізде ақшамыз болмағанмен, үлкен армандарымыз бар еді. Сол кезде біз қолымыздан бәрі келетінін, үйлену тойымызды жасайтынымызды айтып, уәде бердік.
Уақыт өте берді, бірақ мүмкіндігіміз болған жоқ. Біз куәлікке қолымызды ғана қоюмен ғана шектелдік. Ал мен үйлену туралы ұсынысымды сол қалпы күтіп жүрдім. Міне, арада 12 жыл өткеннен кейін барып, 10 жыл некеден соң, арамызда үш бала өмірге келгеннен кейін осы қадамға бардық. Жақында үйлену тойымыз болады», - деп жазды блогердің жұбайы Эльмира Төлегенова.