​«Велосипедті мотоциклге айырбастап кетті»: Қылышбек пен Айсараның әзілі желіні жарды

0
3 756

«Айсара үшін бетімді жумай гүл терем»


​«Велосипедті мотоциклге айырбастап кетті»: Қылышбек пен Айсараның әзілі желіні жарды

Халыққа «Келінжан» телехикаясындағы Қылышбек пен Айсара рөлімен танылған Рүстем Жаныаманов пен Дариға Бадықова бүгін «Жайдарман» КВН ойынында жиналған көпшілікті күлкіге қарық қылды.


Қазылар алқасының мүшесі боп отырған Айсараға "Не хабар" КВН командасында өнер көрсеткен Қылышбек бір құшақ гүлімен ортаға шығып, Айсараға өкпе-назын білдірді.


«Ұйқыдан тұра салып, көзімді аша салып, тісімді жуа салып, кей кезде жумай-ақ бақшадан гүл терем. Кім үшін? Менің Айсарам үшін...Ох, Очоу дейсің ғой, иә? Велосипедті мотоциклге айырбастадым дейсің ғой? Жаным, әй, мен сол өлеңді мен де айтар едім ғой. Білесің ғой, дауысым бар.


Жаным, менің де «изменять» етуіме болар еді. Қаншама момент болды, Клара Ғарифуллақызы болсын, Әсел Сағатова болсын... бірақ мен саған адал болдым ғой. Жаным, не істесең де, қайда жүрсең де аман бол! Мен сенің әрбір бастамаңа қуанам, мен сені жақсы көрем. Әлгі Олжасқа сәттілік!» деп Қылышбек Айсараға гүл ұсынды.


Айта кетейік, Айсара – Дариға Бадықова таяуда «Таптым-ау сені» атты фильм түсірген еді. Сол фильмнің «Сезім үшін» атты саундтрегін Олжас Абай атты әнші-актермен орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген болатын.