"Босқа уақыт пен ақшаны алдыңдар" - дейді көрермендер.
Көпшілікке жақсы таныс әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің екінші киносын экранға шығарғанына көп болмады. Десе де қалың көпшілік киноны қабылдамаған сыңайлы. Себебі жазылған пікірлердің басым бөлігі - негатив.
Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған негатив пікірлерден көз сүрінеді. Олар "киноға барып босқа уақыт пен ақша құртқандарын" жазыпты.
Сондай-ақ әншіге ақша табу үшін мұндай дүние түсірмеуге кеңес берген.
Естеріңізге сала кетейік, бірақ уақыт бұрын әнші Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға беріліп қарызданып қалғанын айтып еді. Кейіннен сол туралы "Ақ пен қара" кітабын шығарды, одан кейін "Zero" драмасын ұсынып, жақында "Басқа вариант жоқ" комедиясын үлкен экранға шығарған.
Көпшілік осы соңғы фильмге қатысты ойларын жарыса жазып жатыр, бірақ әншінің өзі бұл жағдай туралы пікір білдірмеді.