«Нәскисіз қалсақ та, Каспиге төлейміз».
Айтыс аламанында ғана емес, әлеуметтік желіде де тыңдармандарының алғысына бөленген харизмасы мықты Айшолпан Төлеутаймен тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфирде сұхбаттасты.
«Тек қана күліп жүретін (өзім сияқты) Айшолпанның бойынан жалындаған талантты, мықтылықты, өткірлікті көрдім. “Толықтығым мен үшін басты проблема емес, менің ойымда тек арман-мақсат, ал алдағы уақытта тек өнерімді дамытуға күш жұмсаймын. Себебі Бекарыс @bekaris_shoibekov мырзамен айтысқым келеді”дейді ақын қызымыз», - деп жазған болатын тележүргізуші.
«Енді не істейміз, енді не істейміз, Ләйлә Сұлтанқызы, енді не істейміз?» деп бастаған Айшолпан қазіргі қоғамның шындығын өлең жолдарымен жайып салды.
–Тұңғыш рет шығып тұрмын эфирге өзі,
Пожалуйста, редактор, сөзімді қимаш.
Ио, біз Аягөз, Семейміз,
Найманбыз, керейміз.
Төбелес дегенде
Таяқты жемейміз.
Шығыстың қызымын,
Шындықпен сөйлейміз.
Зарплата 60 мың, кредит 90 мың,
Нәскисіз қалсақ та,
Каспиге төлейміз, - деді Айшолпан Төлеутай.
Желідегілер «Өткір қыз екен», «Арманыны орындалып,мақсатына жетсін», «Найманка молодец», «Жарайсыз Айшолпан, біз сізге жанкүйерміз», «Ақын қыз, халқына жақын қыз екен» деген сияқты пікірлерін жазуда.