«Енді әркім өзінше бақытты болады»
Үш жыл бұрын шаңырақ көтерген танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаштың отбасылық өміріне қатысты қауесетке нүкте қойылды. Балжан Бидаш күйеуімен ажырасқанын растады.
«Достар, Сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уаққа дейін біз үшін алаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан «рас па, өтіпік пе» деген ақпаратты «біз екі жаққа кеттік» деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан! Шығып жатқан «Жол» фильмі құтты болсын. Фильм енді топ. Халыққа ұнайтынына сенімдімін. Маңызды кезде қасыңда бола алмасам да әрқашан қолдаймын, саған сенемін. Бастысы, халық қолдасын!» - деп жазды әнші.
Өнерлі жұптың оқырмандары бұл жағдайға өз пікірлерін білдірді. «Ешқашан кек сақтамайтыныңа тәнтімін. Әбден бақытқа лайықсыз», «Енді өнеріңе қайта орал, әніңді айт, концертіңді күтеміз», «Балжан, сен сол Жаханнан да жақсыға лайықсың. Жап-жас қызды алып, еще не ұнамай қалды екен», «Осы Жаханға сені лайық көрмеуші едім, қайырлысы болсын!», «Пранк болса екен» деп жазды көпшілік.