​«Жалықтық, сөз көтере алмайтын дәрежеге жеттік»: «Диета.kz» тобының бұрынғы әншісі бар шындықты жайып салды

0
3 870

«Дастархан жайып, кешірім сұрап қоштастық»


​«Жалықтық, сөз көтере алмайтын дәрежеге жеттік»: «Диета.kz» тобының бұрынғы әншісі бар шындықты жайып салды

«Диета.kz» тобының бұрынғы әншісі «Менің өмірім» бағдарламасында Нұрбақыт Қарағай топтан не үшін кеткенін айтып берді.


«Екіге бөлінгеніміз қазір бақталастық тудырды. Олардың шығармашылығын бақылап отырып мен де өзіме мотивация алып жатырмын. Жасұлан бауырым алдын салмақ тастап, азды ғой. Мен де қалыспай, 27 килоға арықтадым. Мен бөлініп кеткелі олар 27 ән жаздырып тастапты. Мен де «қол қусырып жатпайын, қой, тірлік қылайын» деп жалғыз шыққалы бері шығармашылықтың не екенін сезініп келе жатырмын.


Біз он жыл топ болып өнер көрсеттік. Тарауымызға ақшаның да, дүниенің де еш қатысы жоқ. Бәлкім, бір-бірімізден жалыққан шығармыз. Он жылдан бері ішімізде талай нәрсе жиналды. Кейінгі кезде бір-біріміздің сөзімізді көтере алмай қалатындай дәрежеге жеттік. Мен бір отбасының асыраушысы, балаларымның әкесімін. Ал Жасұлан мені бала сияқты көріп, бұйрық бере сөйлейді. Оған қоса жұмыс та тоқтап қалды, еш жаңалық жоқ, тоқырауға ұшырадық. Содан екеуміз отырып, ақылдасып, «давай, осылай жасайық» деп келісіп, мен бөлек кеттім» деді Нұрбақыт.


Топтан кету туралы ұсынысты Нұрбақытқа Жасұлан Базарбаев айтқан екен.


«Топтан кетсең қайтеді?» деп айтты. «Қой, Жәке, қалайын, не айтып отырсың» деп айтсам да болар еді. Бірақ мен бірден қолдай кеттім. Ол бірден қасына серік іздеп кетті. Қазір амандық-саулығымыз түзу. Сыртымнан музыканттарға «Нұрбақытқа жақсы ән жазып берсеңдерші, қалып кетпесін» деп айтып жүреді екен. Сырттай есітіп жатырмын. Ризамын. Дастархан жайып, бір-бірімізден біліп-білмей істеген қателіктеріміз үшін кешірім сұрап, қоштасқанбыз» деді Нұрбақыт Қарғабай.