Жанат Бақыт: " Елге жылтыр жағымызды көрсеткіміз келеді"

0
3 646


Жанат Бақыт:

Танымал тележурналист Жанат Бақыт желідегі оқырмандарын "инстаграмдағы өмірге" сенбеуге шақырды. Оның ойынша, инстаграм адам өмірінің 30% ғана көрсетеді. Сондықтан, әр адам өз өміріне шүкірлік етуі керек.

Жанат Бақыт: "Инстаграм-адам өмірінің 30% ғана көрсететін құрал, елге жылтыр жағымызды көрсеткіміз келеді. Керемет үй мен көлігімізді көрсетеміз-иттей боп төлеп жүрген кредитімізді көрсетпейміз. Дәмді түрлі самса, манты, торт пісіріп салып қоямыз, ет алуға ақша таппай қалған күнгі макаронның фотосын салмаймыз. Дүркіретіп той жасап, жыртылып әншілерді шақырып-олармен суретке түсіп, лентаны фотоға толтырамыз, сол той жасау үшін алынған қарызға бола үйде күнде айқай, оны ешкім білмейді. Ресторанда күнде достармен жүресің, қоймай шулап прямой эфирге шығасың, бірақ түнде үйге барғанда жалғызсың, көз жасыңды сыққаныңды инстаға салмайсың. Күйеуіңмен шетелге шығып, елге араларыңда "жынды маxаббат" бар екенін дәлелдеп қоймай фото саласың, ал күйеуіңнің тағы бір семьясы бар да(, ажырасудың аз-ақ алдында жүріп, жүрегің қан жылап жүрсе де, елге керемет боп көрінгің келеді. Ата-енеңмен қырылып жатып, күйеуіңе қарызға бриллиант алғызып, сырғаңды тағып "Раxмет, жаным" деп инстаграмға саласың. Немесе "Мен Лу ви тонның" оригинал сөмкесін дүкенінен алып, xалыққа мақтанып бір фотоға чииииз деп түсесің, бірақ өзің жек көретін, артыңнан қалмайтын "қозы қарын" ағашкаң фотоға түсіріп тұруы мүмкін... Елге инстаграммен көрсетіп- қаржылай көмектесіп, әйелін тыңдап өз туыс, ата-анасына мүлде көмектеспеуі мүмкін. Арақ ішпейтініңді, намаз оқитыныңды көрсетіп, кафеге барып кальян шегіп кайф ұстайтыныңды көрсетпейсің, әйеліңнің басына орамал таққызып, оны елге көрсетесің, өзің инстаграмнан қыздарға xат жазып отырасың, оны көрсетпейсің...


"Айта берсе мысал көп" деген журналист бірнеше мысалды да қоса жазған.

Жанат Бақыт: "Мысалы, мен күні кеше босандым, бірақ бүгінгі фотомды қоймаймын, себебі әлі қалпыма келмедім, бірақ елге жылтырап көріну үшін, "Ой сен сұлусың" деген пікір оқу үшін арxивтен іздеп отырып күшті фотомды қоямын. Немесе қыздармен қыдырып жүрген фотомды қойсам "Күнде қаңғу, раxат, үйдегілерің үндемей ме?" деп пікір жазасыздар, солай ғой? Үндегенде, Тайфун болады. 8 класта әке-шешеңнен вешерге сұранғандай боласың, но күйеуіңнен сұрану (чутьпоxуже). Таңнан дайындалып үй жинап, тамақ пісіріп, әйтүп-бүйтіп, сосын кеш болғанда баланы киіндіп жатып "Бір жерге барам" деп міңгірлейсің... -Бір жерлерің бітпейді екен, үйде отырмайсыңдар ма? Әйел кешке үйде отыру керек қой. Не сол, қыдыру деген,-деп шығады күйеуіміз.
-Әй, ел сияқты басқа қалада қаңғып жүргем жоқ қой, не түнімен клубта жүрмеймін, екі баламен тем более ұзақ жүрмейм, 2-3 сағатта келем! -Олардың байы-лоx өйткені,-деп төшкісін қояды. Бірақ ача-пача деп полюбому кетіп қаласың. Сол отырыстан ыржиып фото жасайсың, сосын сіздер "Осылардың байы қайда" деп комментпен атасыздар. Көрдіңіз бе, Инстаграм-Шынайы өмір емес, өмір-инстаграм емес. Әр адамның жүрегінде құпиясы бар, әр отбасының сыры басқа, сол себепті әлеуметтік желідегі біреудің жылтырақ өміріне сенбеңіз, ермеңіз. Өз жолыңыз бар. Сіз единиственный экземплярсыз, Алла сізді ешкімге ұқсатпай жаратты, сондықтан әрдайым шүкір деуден шаршамаңыз".

ERNUR.KZ