«Жігіттерден көңілім қалды»: Атышулы ақтаулық блогер жігіттерге ренішін білдірді

0
1 536

«Бәрі жатыпішер»


«Жігіттерден көңілім қалды»: Атышулы ақтаулық блогер жігіттерге ренішін білдірді

Екі бірдей жігіт сөз салған Салтанат Аманқосова жігіттерден көңілі қалғанын, жеке өмірінде еш өзгеріс жоғын айтты. Жақында ол екі әйелін төрт баласымен тастап кеткен Хан есімді жігітттің ұсынысына келісім берген болатын. Қыз бен жігіт арасындағы ғашықтық сезім ұзаққа созылмады.


Ақтаулық блогердің айтуынша, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып жүрген жігіті онымен тек өз пайдасы үшін ғана сөйлескен

Дәл қазір ол басы бос, ешкіммен қарым-қатынаста емес екенін айтты.

- Біреуімен сөйлесіп, танып көрейін деп ойлайсың. Соңында көңілің қалады. Бәрі жатыпішер. Сөйлесіп жүріп арада бір уақыт өткен соң менен қарызға ақша сұрайды. Еркек басымен қатыннан ақша сұрағаны ұят қой, - дейді Салтанат.