Жүрсін Ерман Швейцарияда Әбіләзовты көргенін айтты

0
5 976

Жүрсін Ерман желідегі парақшасында Әбіләзовты көргенін жазды.


Жүрсін Ерман Швейцарияда Әбіләзовты көргенін айтты

Дәл қазір Швейцарияда жүрген елдің сүйіктісі Жүрсін Ерман Мұхтар Әбіләзовты көріпті. Бірақ Әбіләзов оны танымайтын адам сияқты жанынан өте шыққан. Жат жерде жүріп қандасына амандаспаған оппозиция серкесіне ренжіген ақын желідегі парақшасына төмендегідей жазба қалдырды.

Жүрсін Ерман: "Кеше кешкісін Бақытжамал екеуміз Швейцарияның шағын бір қаласында серуенге шықтық. Көшеде жан жоқ кенет қарсы алдымыздан Мұқтар Әбілазов шыға келді.

- Ей Әбілазовсың ба ? - дедім тоқтап. Ол танымайтын, білмейтін, естімейтін адамдай жүрісін жылдамдатып өте шықты. Оппозиция серкесі болғаныңды ұрайын. Жат жерде жолыққан бір қазақпен амандасуға жарамаған бұл қашақ кімге тұлға болғандай? Осы жүрісінде не мағына бар!? Алаш көсемдерінен садаға кетсін!" .

Бұл жазбаны оқыған желі оқырмандары "Мұхтар Әблязовтың бұлай жасағанына таң қалмаспын. Себебі, ол қарапайым халықтан қатты қорқады. Ол жәй экранда көркем, көсем болып әңгіме айтып отырады, ал көшеде көрсе қаша жөнеледі", "Сұмырай, сыртта қаңғып жүріп ел билемек түрі бар. Елбасы деген xалқының басында жүреді емес пе? Қай бетімен президенттікке үміттенбек? Жақында бұл да өз орнын табады" деп шетте жүрген Әбіләзовты қараласа, келесі бір тарап "Әбіләзовқа ұқсайтын біреу шығар..." деп сенбестік танытуда.

Фото: zhursin_yerman

ERNUR.KZ