Apple iPhone 17 Air құрылғысын жасап жатыр.
Фото: Рixabay.com
ERNUR.KZ. Apple 2025 жылы шығатын жаңа смартфондардан физикалық SIM карта салынатын тартпаны алып тастайды, деп жазады stan.kz.
Басылымның мәліметінше, Apple iPhone 17 Air құрылғысын жасап жатыр. Бұл Apple желісіндегі ең жұқа смартфон болмақ. Авторлар брендтің жаңа құрылғыларында физикалық SIM карталарға арналған тартпа болмайтынын айтады. Сол себепті ұялы байланыс тек eSIM картасы арқылы орнатылады.
Apple бірқатар елдер физикалық SIM картадан бас тартатынын атап өтті. Алайда олардың тізімі жарияланбады. Салыстырмалы түрде, АҚШ-та Тим Куктің корпорациясы көптен бері тек eSIM картасын қолданатын iPhone телефондарын сатады. Десе де барлық басқа нарықтар үшін смартфондар дәстүрлі интерфейспен шығарылады.
Apple тек Қытай нарығы үшін екі физикалық SIM картас салынатын iPhone шығарады. 2022 жылы компания eSIM электронды SIM карталары қарапайым физикалық картаға қарағанда қауіпсіздеу екенін айтты. iPhone 14 тұсаукесері кезінде Apple өкілдері қаскөйлер eSIM картасын алып, оны өз телефонына сала алмайтынын және eSIM картасы бар смартфон бір уақытта әртүрлі операторлардың 8 тарифіне дейін қосылатынын атап өтті.