Жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева жұртқа таң қалысып жүрген сияқты. Бұлай ойлауға олардың "Жұртқа не болған?" деген жаңа әні себеп болған.
Жаңа әнді жариялаумен қатар, әнші өзінің парақшасына "Менің Ана тілімде сөйлей алмайтын депутаттар-ай...
Жұртқа не болған? Деп соңғы жылы жиі айтып кеткен шығармыз бәріміз!?" деген жазбасын да қатар қалдырған.
Сөзінен ұққанымыздай әнші қазақ тілінде сөйлей алмаған депутаттардан көңілі қалғандай.
Десе де ән тыңдармандарына ұнаған секілді, олар топтарда бөлісіп, жақсы пікірлерін жазып жатыр.