«Семіз әйелдерге фитнес тегін деген заң шығар»
Атышулы блогер, тележүргізуші Әсел Асқардың арманы – Қазақстан Президенті болу. Бұл туралы ол өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды.
«Жындының сандырағы келеді дейді, көрейік... Елестетіп көріңдеріздерші, мен Президентпін! Менен не күтетін едіңіздер? Қандай өзгерістер енгізетін едім? Армандап алайық, ойларыңызды жазыңыздар!» деді Әсел Асқар.
Ал оның оқырмандары блогердің бұл идеясына жарыса пікір жазды. «Бүкіл елдің Президенттері Қазақстанның «ухажеры» боп кететін шығар», «Қусаң интелегентно қу» деген осы екен ғой», «Мелания Трампқа ұқсап қалыпсыз», «Мектептерде форма болмай, әйелдердің бәрі сұлу болып кететін шығар. Сосын семіз әйелдерге фитнес тегін деген заң шығарыңыз», «Өте әдемі жарасады екен, болыңыз, күтеміз», «Әйелдерге қамқор болатын президент боласыз», «Дубайдағыдай әр адамның жағдайын жасап, елді жақсартқаныңды күтеміз», «Армандай беріңіз, Құдай қаласа боласыз» деп жазды көпшілік.