​АҒЗАДАҒЫ артық СУДЫ шығарудың АЛТЫ жолы

0
4 491

Бұл жайсыздықтың алдын алу үшін мына әдісті қолданыңыз.


​АҒЗАДАҒЫ артық СУДЫ шығарудың АЛТЫ жолы

фото: traveltimes.ru

Денеде артық судың жиналуына салауатты өмір салтын сақтамау себеп болады. Біз фаст-фуд немесе дайын тағамдарды көп жегеннен, көп тұзды тұтынудан, алкогольді ішімдік ішкеннен ағзада су жиналады. Оның алдын алу үшін физикалық белсенділікті арттыру керек. Сонда дененің артық сұйықтықты жинауына жол бермейді.

Ағзадағы артық су дененің ісінуіне әкеледі. Салдарынан аяқ-қол ісініп, басқа да қиындықтар туындайды. Бұл жайсыздықтың алдын алу үшін мына әдісті қолданыңыз.


ТҰЗДЫ азайтыңыз

Бұл денедегі артық суды азайтып, ісінуді болдырмайды. Бұл дәмдеуіш электролит балансын және бұлшықеттердің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді. Дегенмен, шектеп тұтынғаныңыз жөн. Себебі артық тұз сұйықтықтың бүйрекке жиналуына ықпал етеді. Сондықтан деніңіздің саулығын сақтағыңыз келсе тәулігіне 5 грамнан артық тұз қолданбаңыз. Ал біз мұның көлемін кем дегенде үш есеге көбейтеміз. Өйткені тұз біз тұтынатын барлық тағам өнімдерінде кездеседі. Ендеше, сіз денеңіздің ісінгенін байқасаңыз, салмағыңыз артса онда бір күн бойы тұзды жеуді тоқтатыңыз.

фото: fb.ru


АҚЖЕЛКЕН қосыңыз

Бұл – несеп жүргізетін керемет өсімдіктің бірі. Сондықтан аяқтың ісінуіне жол бермейді. Емдік қасиеті мол көкті мейлінше шикі түрінде жеген дұрыс. Сол үшін де күнделікті жейтін салатқа, сорпаға молынан қосыңыз.


ЖЕМІС пен КӨКӨНІСТІ көп жеңіз

Көкөністер керемет дәмді ғана емес, сонымен қатар денеде судың жиналуын болдырмайды. Әсіресе қызанақ, қияр және қарбыздың адам ағзасына тигізетін пайдасы орасан. Оның несеп айдайтын әсері бар. Сонымен бірге ағзаны калий және натрий элементімен байытады.


Көбірек ҚОЗҒАЛЫҢЫЗ

Белсенді қозғалыс адам денсаулығына өте пайдалы. Сондықтан да күніне жарты сағат жаяу жүруге әдеттеніңіз. Велосипед тебу немесе суда жүзу де ағза үшін таптырмайтын ем екенін біле жүріңіз. Егер қозғалдыс аз болса, онда тері астындағы тіндерде сұйықтық жинала бастайды да бұл ісінуді тудырады.

Денеде артық судың жиналуына кеңседе бір орында отырып жұмыс істеу, көлікте ұзақ отыру, отырып теледидар көру – аяқтың, балтырдың ісінуіне әкеледі. Одан бөлек, дене құрысып, ауырсына бастайды. Сондықтан аптасына кемінде 2-3 рет (шамамен 30 минут) жаттығу жасаңыз және күн сайын жаяу жүруді ұмытпаңыз.

фото: medaboutme.ru


ШӨПТІ де ұмытпаңыз

Әсіресе қалақай, қырықбуын немесе бақбақ табиғи несеп айдайтын өсімдік екенін ескеріңіз. Ағзаны артық судан арылту үшін күніне 1-2 стақан кептірілген немесе балғын шөптен дайындалған тұнба ішіңіз. Бұл емдік сусын аяқ-қолдарыңыздың ісінуін болдырмайды.


СУ ішіңіз

Бұл сізге қызық болып естілуі мүмкін. Десе де ағзадағы артық судан құтылу үшін суды күні бойына ішу керек. Әсіресе ісіну пайда болған кезде суды шектеусіз ішуге кеңес береміз. Өйткені судың жетіспеушілігі бүйректерге де теріс әсер етеді және оларға түсетін артық токсиндер мен натрийден құтылуға жол бермейді. Ал тұздың құрамындағы натрий ағзадағы суды ұзақ сақтайды, сондықтан ісіну мазалайды. Ендеше, күні бойы газдалмаған минералды суды ішуге әдеттеніңіз.


Ең тиімдісі, аш қарынға екі ас қасық лимон шырыны қосылған бір стақан жылы суды ішіңіз. Осының арқасында сіз дененің қышқыл-негіз тепе-теңдігін қалпына келтіріп қана қоймай, оны түнде жиналған токсиндерден тазартасыз.


Дереккөз: premium-clinic.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бүйректегі ҚҰМ қайдан ПАЙДА болады?


Кімге БАЛМҰЗДАҚ жеуге БОЛМАЙДЫ?


ҚОЛТЫҚТАҒЫ жағымсыз ИІСТІ мына ҮШ әдіспен кетіруге болады