​Ағзаға ЙОД жетіспесе мына ТОҒЫЗ түрлі ауру белең алады

0
11 096

Ендеше, ағзаны йод элементімен байытыңыз.


​Ағзаға ЙОД жетіспесе мына ТОҒЫЗ түрлі ауру белең алады

фото: webinfo.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша эндокриндік аурулардың ішінде қалқанша безінің ауруы қант диабетінен кейін екінші орында тұр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қалқанша безі ауруларының санының өсуі жылына 5% құрайды. Бүгінде жасына қарамай қалқанша безінің құрылымы немесе қызметі бұзылған науқастарды көп кездестіруге болады. Қалқанша безінің ауруының белең алуына йодтың жетіспеушілігі басты себеп болады. Ал мына 9 белгі ағзадағы йод тапшылығын білдіреді.


Созылмалы шаршау

Қандағы қалқанша безінің гормондарының концентрациясы төмендеген кезде адамдарда әлсіздік, ұйқышылдық, күш жоғалту көрініс береді. Егер жақсылап тынығып, ұйқыңызды қандырсаңыз да бұл жағдайдан арыла алмасаңыз, онда ағзаңызға йод жетіспейді деген сөз.

Салдарынан созылмалы шаршау мен себепсіз бұлшықеттердің ауруы байқалады.


Иммунитеттің әлсіздігі

Иммундық жүйе әлсірегенде жиі суық тиеді, вирустық, паразиттік, саңырауқұлақ аурулары белең алады. Оған қоса, денедегі жаралардың жазылуы баяулайды.

фото: мояоколица.рф

Ісіну

Ісіну – йод тапшылығының айқын көрініс. Ағза йод тапшылығына ұшырағанда көздің асты, аяқ және қол ісінеді. Осы кезде ісінуді басатын қандай дәрі ішсеңіз де көмектеспейді. Дұрыс емес ем қабылдау қауіпті болады. Нақтырақ айтқанда ағзадағы пайдалы заттар, соның ішінде микроэлементтер денеден жуылады, су-тұз балансы бұзылады.


Етеккір келу уақытының бұзылуы

Тұрақсыз етеккір йод тапшылығының бастапқы кезеңінің белгісі болып табылады. Өйткені йод жетіспеушілігі гормоналды жүйенің жұмысына тікелей әсер етеді. Әйелдердегі йод тапшылығының жағдайы бедеулікке және мерзімінен бұрын етеккірдің үзілуі (менопаузаға) әкелуі мүмкін. Жүктіліктің басталуында йодтың болмауы өте қауіпті. Бұл элементтің болмауы ұрықтың құрсақішілік дамуына теріс әсер етіп, өздігінен түсік түсіруге, өлі туылуға және туа біткен патологияларға әкелуі мүмкін.


Анемия

Метаболиттік белсенділіктің төмендеуіне байланысты йод тапшылығы қандағы темір тапшылығына байланысты ауруларды қоздырады. Түрлі аурулардың пайда болуына қаназдық себеп деп ойлаймыз. Ал қанның азаюына йодтапшылығы ықпал етіп жатқанын сезбейміз. Сондықтан құлағыңыз шуылдап, басыңыз айналып, теріңіз бозарып, бойыңызды әлсіздік билей бастаса, йод пен темірге сараптама жасатыңыз.


Артық салмақ

Еш себепсіз салмақ жинау денеде йод тапшылығының ауыр белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жағдайда артық салмақ май ретінде емес, ісік ретінде көрінеді. Йод тапшылығының салдарынан болған артық салмақ кезінде науқастың терісі қалыңдайды, бет, аяқ-қол, тіл мен ерін ісінеді. Мұндай ісіну салдарынан есту қабілетінің төмендеуі, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, дауыстың қарлығуы мүмкін.

фото: bimmunal-iod.ru


Артериялық қысымның төмендеуі

Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары йод тапшылығының салдарынан болады. Артериялық қысым төмен адамдарда қан айналымы бұзылып, ауыр дертке шалдықтырады.


Интеллекттің төмендеуі

Зейіннің төмендеуі, зияткерлік белсенділік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы түрінде көрінетін ми жұмысындағы проблемалар денеде йодтың жетіспеушілігін көрсетеді. Йодты «интеллекттің микроэлементі» деп те атайды. Ми жасушаларының зат алмасуының әлсіреуі нәтижесінде адам күндерді, оқиғаларды есіне түсіреді. Ал күрделі мәселелерді қиындықпен шешеді, шығармашылықпен айналысуды тоқтатады. Егер осы кезеңде ағзаны йод элементімен байтпасаңыз, ауыр депрессия алуыңыз ғажап емес.


Көңіл-күйдің түсуі

Мидың жұмысындағы бұзылулар психологиялық мәселелердің дамуының бастапқы нүктесі болып табылады. Эмоцияның нашарлауы, енжарлық, селқостық соңы депрессияға ұласады.


Йод тапшылығының әсері қанша дерттің дендеуіне әкелетінін білдіңіз. Ендеше, ағзаны йод элементімен байытыңыз. Ересек адам үшін йодтың орташа тәуліктік мөлшері 120-150 мкг құрайды. Оны негізінен теңіз балықтарынан, балдырдан, балық майынан, йодталған тұздан, еттен, жемістерден және сүт өнімдерінен алуға болады.


Дереккөз: okd-center.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАЛ мен ҰН терідегі ҰШЫҚТЫ кетіреді


Үйдегі ДӘРІҚОБДИШАДА болуы керек ДӘРІ-ДӘРМЕК


РЕВМАТИЗМНІҢ алғашқы БЕС белгісі