Ғалымдар: Жүктілікті болдырмайтын дәрілер денсаулыққа қауіпті

0
8 089

Жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектер генетикалық мутациямен байланысқанда жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай тұжырымды Ресейдің Genotek генетико-медициналық орталығының сарапшылары жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ғалымдар: Жүктілікті болдырмайтын дәрілер денсаулыққа қауіпті

фото: healthvesti.com

Жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектер генетикалық мутациямен байланысқанда жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Мұндай тұжырымды Ресейдің Genotek генетико-медициналық орталығының сарапшылары жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Генінде Ғ5 (Лейден мутациясы) бар әйелдерге жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектерді қолдануға болмайды. Сондықтан жүктілікті болдырмаудың басқа әдісіне көшуі керектігін айтады мамандар. Жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижесінде, жүктілікке қарсы дәріні ішкен соң күретамырдың түтікшелеріне ұйыған қан тұрып қалатындығы анықталған. Ұйыған қан қанайналымымен жүріп, өкпе артерияларының тығындалуына апарып соғатын болса, пациенттің аяқасты өліміне апарып соқтыруы мүмкін.

Зерттеу жұмысына 20-45 жас аралығындағы Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Краснодар, Ростов-на Дону, Владивосток және Нвосибирск қалаларында тұратын әйелдер қатысқан. Жүктілікке қарсы қолданылатын дәрілердің барлығы да тромбоздың пайда болуын арттыратыны дәлелденген. Ғалымдар мұндай дәрі-дәрмектерді Лейден мутациясына, коагулопатияға (қан ұюының бұзылуы) бейімділігі барларға қолдануға болмайды деген тұжырымға келген.

Егер әйелде Лейден мутациясы болса, жүктілікке қарсы дәріні қолданған соң тромбоздың пайда болу тәуекелділігі 35 есеге артатын көрінеді.