Мәселен, тұзды ерітіндімен немесе гормоналды препараттармен жасалған ингаляция жөтелді емдемейді.
фото: klatz-glamour.ru
Ингаляция – жөтелді емдейтін ең мықты әдіс. Оны жасайтын аппарат – небулайзер деп аталады. Небулайзер – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарындағы қабыну ошағына дәрілік затты жеткізеді. Бұл емдеу әдісі қақырықты шығарып, жөтелді емдеуге қабілетті.
Небулайзердің компрессор, ультрадыбыстық және мембраналық түрлері бар. Әрқайсысының атқаратын қызметі әртүрлі. Мәселен, ультрадыбыстық небулайзер дәрілік белсенді заттарды жояды да нәтижесінде емдеу тиімділігі төмендейді. Үйде пайдалану үшін компрессорды немесе мембрананы таңдаған дұрыс.
5 жасқа дейінгі балаларға ингаляция жасау үшін үлкендердің көмегі қажет. Аппараттағы арнайы масканы мұрын мен ауызға кигізіп, ингаляция жасау керек. 5 жастан асқандар мен ересектерге басқа маска қарастырылған. Арнайы масканың көмегімен ауыз қуысы арқылы тыныс алып, мұрын арқылы дем шығарады.
фото: kidsbebus.ru
Ингаляция қай кезде жасалынады?
Әдетте ингаляцияны обструктивті бронхит, бронх демікпесі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, круп синдромы кезінде дәрігер тағайындайды. Ингаляция көбінесе өткір жөтелге тағайындалады. Емдеу курсы дәрігердің жазған күнінен асып кетпеуі керек. Кішкене жөтеле қалса дереу ингаляция жасауға әдеттенбеңіз. Егер жөтел үш аптадан астам уақыт бойы тоқтамаса, онда ЛОР дәрігерінің қабылдауына жазылу керек. Дәрігер эндоскопиялық тексеруден өткізіп, аурудың нақты себебін анықтайды. Ал егер мұрын-жұтқыншақта ешқандай аурудың белгісі байқалмай, тек жөтел мазаласа, онда гастроэнтеролог, педиатр немесе терапевт дәрігердің кеңесін алу керек.
Жалпы, ингаляцияны жөтелді азайтуға бағытталған дұрыс дәрілік терапиямен жасау керек. Мәселен, тұзды ерітіндімен немесе гормоналды препараттармен жасалған ингаляция жөтелді емдемейді.
Набулайзер тек тыныс алу жолдарының шырышты қабығына дәрілік затты жеткізу үшін қолданылады. Сондықтан оны қолданудың ережесін қатаң сақтаған абзал. Бронхтың бітелуіне арналған бронходилататорлар, ингаляциялық гормондар, круп синдромы және бронх демікпесіне арналған біріктірілген препараттар бар. Әр ауруға арнайы еретіндіні қолдануды ескеріңіз.
фото: myfamilydoctor.ru
Небулайзерге қандай ерітінділерді қосуға болады?
Ингаляция жасауға будесонид, импратропий бромиді, вентолин, флюмуцил секілді антибиотик ұсынылады. Ал сіз дертке дауа табу үшін өз бетіңізше әпкеңіз немесе көршіңіз қолданған ерітіндіні алуға асықпаңыз. Себебі, әр баланың жөтелі түрлі себептен болады. Айталық, қақырықты сұйылтатын ерітінді 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Ал минералды суды, майды, әртүрлі жөтел сироптары мен ерітінділерін, шөп тұнбаларын, ас содасын аурудан тез айығу үшін қолданбаңыз. Дәрігерлер барлық ЖРВИ үшін тұзды ерітіндімен ингаляция ем бола бермейді дейді.
Ингаляция жасау уақыты аяқталғаннан кейін дереу тоқтату керек. Әйтпесе, тәуелді болып қалуыңыз ғажап емес. Сосын емдік қасиеті жоғарылау болсын деп ерітіндінің көлемін де көбейтпеңіз.
Ингаляцияны қай кезде жасауға болмайды?
Мұрынның ағуы, синусит, тамақ ауруы, аденоидтар, тамақтың қызаруы кезінде ингаляция жасау ұсынылмайды.
Дереккөз: forma.eapteka.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Қандай ДӘРІ есте САҚТАУ қабілетін жақсартады?
ӘЙЕЛДЕРДІ мазалайтын 7 ҚАУІПТІ ауру