«Сусынға ҚОЗДЫРАТЫН ДӘРІ қосқан»: күйеуінің досына алданған әйелдің оқиғасы

0
44 591

​Ол күйеуінің досымен қалай бір төсектен табылғанын білмей қалыпты.


«Сусынға ҚОЗДЫРАТЫН ДӘРІ қосқан»: күйеуінің досына алданған әйелдің оқиғасы

2020 жылдың аяқталуына небәрі екі ай ғана қалды. Жыл соңы жақындағанда бір-біріне темекісін, сырасын, басқа да жаман әдетін тастату үшін бәстесетін достар көп. Айтқанын орындай алмаған жағдайда шашын тықырлап алып тастап, астындағы көлігін, қолындағы ұялы телефонын сыйлап жатқандарды естіп, көріп жүрміз. Тіптіқ бәстескенде бәйгеге әйелін тігетін еркектер де бар екен.

Зәуре күйеуінің бәстесу ойынына өзін араластырғанын кеш біліпті. Ол бұл туралы ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді.


Алматылық әйел үйіне күнде кеп жүрген досына қалай алданғанын былай баяндады:

«Ойыннан от шығады» деген сөз рас қой. Күйеуім маған сенгендіктен ойланбастан бәстескен шығар, бірақ, оның досы сұмдық айла жасады. Әрине бұл жерде адам өмірін ойынға айналдырған күйеуімнің де кінәсі бар.

Бірақ мен Сұңқардың маған көзқарасы басқа екенін әу бастан білетінмін. Ол құрдастардың отырысында ойының алабөтен екенін сөзімен аңғартып қалатын. Тіпті той-томалақта вальске шақырғанда да тәнімді көзімен, қолымен «сипалап» қалуға тырысатын еді.

Күйеуімнің өзі де достарының әйелдерімен қалжыңдасып жүреді. Олардың ортасы сондай, қалжыңбас, әзілқой. Қатарыңмен ойнап, күлген жақсы. Алайда достар арасында арам пиғылдылар да болатынын есте ұстаған жөн-ақ.

Ондай адамдарды дос деп айтуға да болмас. Мейлі, ол расында мені көрсе ақыл-есінен адасатын шығар, бірақ, дегеніне қолы жеткен соң күйеуіме «Сен ойлағандай ешнәрсе болған жоқ» деп жасыруына болар еді ғой.


Фото: s3-us-west-1.amazonaws.com

Оқиға былай болған. Күйеуім темекіге әуес адам. Менімен танысқанда темекі мүлде шекпейтін. Кейін ортасы өзгерді де, жаңа достарынан үйренді. Сол досының бірі – Сұңқар. Ол мектеп жасынан темекі шеккен екен. Екі жыл бұрын ол жаңа жылдың алдында менің күйеуіммен бәстесіп, темекісін тастаған. Расымен де ол одан кейін темекіні қолына алған емес.

Ал былтыр ол күйеуімнің темекісін қойдырмақ боп, екеуі бәстесіпті. Сұңқар «Егер үш айдың ішінде темекіні тастамасаң, Зәуремен бір түнді өткізем» депті. Бастапқыда күйеуім ашуланып, екеуі жаға ұстасып қалады. Сұңқар көздегенінен қайтпай «Алдымен әйелің көне ме екен? Әрине егер ол өзі көнсе ғана. Көнбесе қинамаймын» дейді.

Естуімше, екі жыл бұрын күйеуім Сұңқармен бәстескенде оның әйелін "сұраған" көрінеді. Сұңқар «Көнсе қарсы емеспін» деген екен. Көнбеген-ау, өйткені Сұңқар мен әйелі әлі бірге ғой.

Ешқандай әйел күйеуі бола тұра басқа еркектің құшағына құламайды. Мен де өз еркіммен «берілмес» едім.

Сұңқар күндіз де, кешке де күйеуімді сұрап келгіштеп кетті. Күйеуім үйде болмаса да асүйге кіріп «Қарным ашып кетті. Қандай тамақ дайындап жатырсың?» деп, әңгімелесіп отырып алады. Сол баяғы әдетінше менің бөксем мен көкірегімнен көз алмайды.

Оның көзқарасы мен сөздері әсер етпей қоймағанын жасырмаймын. Ол кеткен соң айнаға қайта-қайта қарап, сымбатыма сүйсініп, сөздерін ойлай беретін болдым. Бірақ мен оның ырқына өздігімнен көнген жоқпын.

Ол тағы бір келгенде күйеуім жұмыста еді. Балалар ата-әжесіне үйіне кеткен. Әдеттегідей Сұңқар келді. Күйеуімді күтіп отырды. Кешкі асты дайындап жатқанымда, асүйге кірген оған шай ұсындым. Ол өзімен сусын ала келген екен. Пепси менің жақсы көретін сусыным.

Фото: i0.wp.com/sovetclub.ru

Мұздай газды сусынды сіміріп іштім. Ол тағы да толтыра құйды. Көңілім көтеріліп, жарқын күле бастадым. Бір түрлі күйге түсіп, ойымды да, тәнімді меңгере алмай бара жатқандаймын. Әлденені аңсайтындаймын ба?..

Сұңқар арқамнан кеп құшақтағанда, қарсыласуға күшім болмады. Күнәлі іске бара жатқанымды білем, бірақ, тәнімнің қалауына қарсы тұруға шамам келмеді. Етегімді түріп, Сұңқар бірер минутта-ақ көптен бері жете алмай жүрген асылына жетті.

Күйеуім сырттан кіргенде екеуміз де асүйде отырғанбыз. Сол күні күйеуім сезіктенсе де шындықты біле алмады. Былтыр жаңа жылдық мерекеде достар отырыс жасады. Сұңқар сол күні айтып қойды.

Отырыстан бәрі қайтып, кафеде үшеуміз ғана қалғанбыз. Сұңқардың әйелі емізулі баласы болғандықтан, ерте қайтып кеткен. Күйеуім ішімдіктен соң темекісін тұтатып құшырлана көк түтінді жұтып отырғанда, Сұңқар «Тастаймын деген уәдең қайда? Бәстесуден жеңілгеніңді мойындайсың ба?» деді. «Жеңілдім. Бірақ бәрібір көндіре алмайсың ғой» деп күлді. Сұңқар «Әлдеқашан көніп қойған» деді. Шынымды айтсам, бастапқыда олардың әңгімесін түсінбедім. Күйеуім оның мұрнын қанатып, төбелесіп жатқанда ғана сөздерінен аңғардым.

Үйге келгеннен соң Сұңқар артымыздан жетті. Ол күйеуімнен де, менен де кешірім сұрап, бұл туралы ешкімге айтпайтынына ант-су ішті.

Күйеуім екеуміз ұрысып-керісіп, бір-бірімізді кінәлап, ырың-жырыңмен үш ай уақытты өткіздік. Мен қоқыс шелегінен тауып алған тәнді қоздыратын дәрінің қағазын сақтап қойған болатынмын. Оны күйеуіме көрсетіп, бес минуттай есімді білмегенімді, менің дәрменсіз күйімді пайдаланған Сұңқарды кінәлап ақталдым. Жыладым, кешірім сұрадым.

Айыпты екенімді мойындаймын. Бірақ бәйгеге тігіп несі бар еді? Мен де пендемін ғой. Ол да періште емес. Еркектер ғана емес, әйелдердің де нәпсісінен жеңілетін кезі болады. Бұны күйеуім түсінер емес.

Күйеуім кешірмей жүр. Көктемнен бері екеуміз екі бөлек тұрып жатырмыз. Демалыс күндері ол балаларын ата-анасының үйіне алып кетеді. Бірақ үйге кірмейді, менімен сөйлеспейді.

Сұңқар сөзінде тұрып, сол бір оқиға жайында ешкімге айтпады. Бұны үшеуміз ғана білеміз. Күйеуім екеуі сол күйі араласпай қойған.

Заңды түрде әлі ажырасқан жоқпыз. Алайда мен кешіретін шығар деп күтіп жүрмін. Қайтып қосылатын шығармыз деп ойлаймын...»


Зәуре бұл күнәсін күйеуі кешіретініне сенімді сияқты. Күйеуі кешіруі мүмкін бе? Ал сіз кешірер ме едіңіз, оқырман?