​«Жезөкшелерге арналған сайтта жүр»: әйелінен көңілі қалған еркек жан сырымен бөлісті

0
3 912

"Интимдік қызметтің түр-түрін көрсетеді екен"


​«Жезөкшелерге арналған сайтта жүр»: әйелінен көңілі қалған еркек жан сырымен бөлісті
иллюстрациялық сурет интернеттен алынды


«Адамның аласы ішінде» деген рас екен. Қазір кімнің әйел, кімнің қыз, кімнің адал, кімнің аяр екенін ажырату қиын. Баяғыда ағаларым «қойныңдағы қатыныңа сенбе» деп айтатын. Сол сөз рас екен. Сүйген адамыңның екіжүзділігін көргенде өмірдің мәні қалмағандай боласың», - дейді Нұрдәулет есімді тараздық азамат.


Оның айтуынша, сүйіп қосылған жары жеңіл жүріске түсіп, кәдімгі жезөкше екенін жасырып келген. Құпияның қалай әшкере болғанын Нұрдәулеттің өзі ERNUR.KZ тілшісіне әңгімелеп берді.


Былтыр біздің жұмысқа «жастар практикасымен» Әсел деген қыз келген. Өзі университетті енді бітірген, жас маман екен. Өте сұлу, ақылды еді. Мінезінен де мін таппайсың. Беліне жеткен бұрымын айтсайшы. Бір көргеннен құлай сүйіп қалмасам да, іштей ұнатқаным анық.


Күнде көріп жүрген соң онсыз өмірімді елестете алмайтын халге жеттім. Ол басында менімен кездесуге қарсы болған. Кейін себебін түсіндіріп берді. «Мен сен ойлағандай қыз емеспін. Саған дейін жігітім болған. Бірақ кейін басқаға үйленіп кетті» деп айтты. Сүйгендіктен оның бәріне көз жұма қарадым. Бір жылдан кейін үйлендік. Бастапқыда төсек қатынасында қатты ұялатын. Айтуына қарағанда, көп нәрсені білмейді екен. Оның ұяңдығы маған ұнайтын. Бірақ уақыт өте Әселдің мінезі де, тірлігі де өзгере бастады. Шынайылық жоқ сияқты.


Менің қалада пәтерім бар, табысымыз да жаман емес. Ал оның ата-анасының тұрмысы төмен еді. «Айлығыңнан анаңа көйлек әперсеңші, үйіңе бірдеңе апарайық» деп ақша ұстатамын. Бірақ ол бар тапқанын өзіне жаратып жүрді. Үйленгелі бері дос-құрбыларымен мені таныстырған емес. «Құрбыларың болса, үйге шақыр, танысайық, араласайық» деп талай мәрте айттым. «Олардың бәрі тұрмысқа шығып, басқа қалаға көшіп кеткен. Сенен басқа ешкімім жоқ» деп мойныма асыла кететін.


Тойдан кейін екі ай өткенде әйелім «тіс дәрігеріне барып келемін» деп бірнеше сағатқа жоқ болып кететінді шығарды. Ертеңіне «базар аралап келемін» деп тағы кетеді. Мен берген ақшадан әлдеқайда қымбат киім алатынын аңғардым. Бірақ өзімді тым күмәншіл санап, мұның бәрін елемеуге тырыстым.


Бір күні почтамды ақтарып отырып, бейтаныс біреуден хат келгенін байқадым. Ол менің әйелімнің жезөкшелерге арналған сайтқа тіркелген скриндерді, суреттерін салыпты. Бетін көрсетпегенімен, тойдан кейін өзім әперген қызыл етікті киіп алған, бір көргеннен көзіме оттай басылды. Әселдің денесі екені анық. Анкетасына интимдік қызметтің түр-түрін жазып қойыпты. Қаным басыма шапты. «Төркініме барып келейін» деп кеткен қатынымды артынан қуып барып сабағым келді. Бірақ бірнеше сағаттан соң сабырға келдім де, оның ізін аңдып, оқиға үстінде ұстағым келді.


Ол үшін арнайы сим-карта сатып алып, бөтен нөмірмен әйеліме хат жаздым. Көп күттірмей жауап берді. Төсек қатынасының әр түріне әртүрлі баға белгілеп қойыпты. Кездесетін уақытын, күнін белгілеп, уәделестік.


Сол уақытта Әсел «Тісіме салған пломба ауыртып жатыр. Дәрігерге барып, көрсетіп келейін» деп шықты. Артынан мен де шығып, кездесетін жерге келдім. Әселдің үйден шыққандағы киімі мүлдем өзгерген, қысқа белдемше киіп, сыланып келді. Келді де, мені көріп шалқасынан түсе жаздады. Оның сол кездегі реакциясын тек көзбен көру керек. Айтып жеткізе алмаймын. Сабап тастауға болар еді, бірақ ішкі мәдениетім жібермеді. Ата-анам қандай жағдай болса да қыз баласын ұруға болмайды деп тәрбиелеген еді. Өзімді әрең ұстадым.


Ол болған жағдайды түсіндірмек болып, әрдеңені бір құрастырды. «Жоқшылықтан әбден қажығанмын. Қалаға келген соң күн көріп, ел қатарлы әдемі болып жүру үшін осындай қадамға бардым» деп аяғыма жығылды. Бірақ оның бұл уәжі ұятсыз тірлігін ақтай алмайтын еді. Сол жерде оны тастап кеттім де, киімдерін таксимен төркініне артып жібердім. Соңыра ағасына телефон шалып, болған жағдайды түсіндіріп айттым. Артынша оның бұл тірлігін ата-анасы естісе керек, әкесінің қан қысымы көтеріліп, дертті болыпты. Бірақ барып, көңілін сұрауға аяғым тартпады. Мені осыншалықты ақымақ көрген жезөкшенің жиіркенішті түрін көргім келмеді.


Қазір мені анам өзінің төркін жағынан бір қызбен таныстырған. Иманды, инабатты қыз сияқты. Бірақ бір рет аузым күйген соң, бәріне, тіпті әр сөзіне күмәнмен қарайтын болыппын.


Жігіттер, үйленетін кезде асығыстық танытпау керек екен. Қыздардың қулығына құрық бойламайды, алданып қалудан сақ болыңдар!»