Біліп алыңыз! Әйтпесе, кедергілерге тап бола бересіз.
Біреудің жолында сәттілік кезігіп, іздегені алдынан шыға келеді. Ал біреу уысына түсіп тұрғаннан айырылып қалады. Неге?
«Адамның барлық мәселесі – басында» дейді психологтар. Нақтырақ айтқанда, мида. Ой сөзге, сөз затқа айналады. Бұл көпжылдық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген АҚИҚАТ.
Сонымен, қандай әдеттер мен сөздер жолды жабады?
1) Қабылдамау
Айналасындағы адамдардан ешнәрсені қабылдағысы келмейтіндер бар. Мысалы, бір кабинетте алты адам отырады делік. Біреуі үйінде жайылған қуанышты дастарханнан дәм ауыз тиіңдер деп, тәттілер алып келеді. «Жо-жоқ, жей беріңдер. Мен жемеймін» деп, ауыз тимейтін әйтеуір біреу табылады. Міне, бұл адам ешкімнен ешнәрсе алғысы келмейтіндердің қатарына жатады.
Тағы бір мысал, көмегі үшін алғыс білдірсең немесе шағын сый жасасаң, «Қажет емес» дейтіндер көп.
Осындай бір ауыз сөзбен өмірдің тосынсыйларының жолын жауып алғанын олар ұқпайды.
2) Сыйлақ жасамау
Табиғатынан біреулер себепсіз де сыйлық жасай береді. Үйіне қонақ боп келгендердің қолын құр шығармайды. Мұндайлардың жолы молшылыққа, сәттілікке ашық болады екен. Ал сыйлық жасауды білмейтіндер қалауына (жұмыс, жар, бала, баспана т.б.) қиналып жетеді.
3) Рахмет айтпау
Байқасаңыз, болмашы нәрсеге де біреулер рахмет айтады. Ал біреулер қай көше екенін сұрайды, уақытыңды бөліп түсіндіресің, үндемей кете барады. Тегін үйіне дейін жеткізіп саласың, рахмет айтпайды. Әрдайым рахмет, алғыс, жақсы адамның жақсылығын айтып жүретіндердің жолы ашыла түседі екен.
4) Шүкіршілік етуді білмеу
Шүкір деген сайын, несібесі артатынын бәрі біледі, бірақ денінің саулығына, басында панасының, перзентінің барына шүкіршілік айтып отыратындар аз. Өзгенің жағдайымен өзіндікін салыстырып, пікір түйіп қана қоймай, шүкір айта білу де керек.
5) Жабық жүрек
«Жабық жүрек» деген не? Ешкімге ашылмау, бүкіл сырын жүрегінің түкпірінде сақтау. Сезімін, ренішін, қалауын айтпау, жасыру да – жүректің жабықтығына жатады.
Осындай ұсақ-түйек нәрселер жолды ашатынын көбіміз елей бермейміз. Ал мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан, көл тамшыдан, ақша тиыннан құралады. Олай болса, сыйлық пен алғысты, мақтау сөзді ғана емес, тағдырыңызды, Жаратушы берген келбет пен тәніңіздің сол күйінде қабылдаңыз. Ешкімге сыйлық жасамасаңыз да, кішкентай жақсылығы үшін де рахмет айтып үйреніңіз. Адасқан адам жөн сұраса, бір минут уақытыңызды бөліп нұсқап жол нұсқай салыңыз.
Адам осы қарапайым әдеттерге дағдыланғанда, жүрегі ашылады екен. Жүректің құлпы ашылса, өміріңізде ғажайыптар орын ала бастайды. Әлдекімге жолығуды ойлап жүрсеңіз, ол өз шаруасымен жұмысыңызға іздеп келеді. «Қарбыз сатып алу керек еді» деп ойлағаныңыз сол, аулаңызда қарбыз сатушылар көлігімен тұрғанын көресіз. Әр ісіңіз оңынан шешіліп, мәселелеріңіз реттеліп жатқанына таң қаласыз. Бұл тұрғыда көп мысал келтіруге болады...
Бұндай ғажайыптар жолы ашық адамның өмірінде күнде орын алып жатады. Ендеше, жолды жабатын бес әдеттен ертерек құтылыңыз.
(Сурет ашық дереккөзден алынды)
Дайындаған: Жазира Смағұлова,
Тағы да оқыңыз:
НЕГЕ біреудің тағдырын талқылауға БОЛМАЙДЫ?
БІР-ақ СҰРАҚпен адамды тануға болады (қызықты тест)