Махаббат пен бақытты САУСАҚпен-ақ шақыруға болады

0
4 891

Зерттелген, дәлелденген медитация техникасы. Орындап көріңіз, өкінбейсіз.


Махаббат пен бақытты САУСАҚпен-ақ шақыруға болады

Барлық адам сүйікті, бақытты болғысы келеді. Олар жан-дүниесінің мазмұны түзелмейінше өмірінде өзгеріс болмайтынын біледі. Бірақ оған қалай қол жеткізуге болады?

Сізді де осы сұрақ мазалап жүр ме? Медитация ілімінің мамандары «Мудра» деп аталатын жаттығуды ұсынады.



Мудра деген НЕ?

Мудра – iшкi ағзалар бағдарламасы арқылы жүзеге асатын қуат жүйесi. Бұл өмірді, ағзадағы бұзылыстарды өзгертудің ең оңай жолы. Оны ағзадағы қуат көздерiн ашып, қуат ағымы дұрыс айналыста болуы үшiн оның жолындағы кедергiлердi жоятын, сыртқы және iшкi қуаттардың тепе-теңдiгiн реттейтiн көзге көрiнбейтiн реттеушi деуге де болады.

Қысқаша айтқанда, мудра – саусақпен орындалатын жаттығулар. Осы орайда «Небәрі 7-9 см саусақтарды қимылдату арқылы қалайша бүкіл адам аңсаған бақытты, махаббатты шақыруға болады?», «Саусақта не құдырет бар?» деген сұрақ туындайтыны белгілі.



Жаттығулар НЕГЕ саусақпен орындалады?

Адамның физиологиялық, ментальды, эмоционалдық және психикалық қуат күйімен байланысты бірден-бір мүше ол – қол мен саусақтар. Түсінікті болу үшін, қарапайым мысалдар іздеп көрейік.

  • Адам сөзбен айтып жеткізе алмаған жүрегіндегісін, ішкі дүниесіндегіні қол арқылы білдіре алады. Бұған қылқалам шеберлерінің салған көрнекті суреттерін, ақындардың өлеңдерін, көзге жас келтіретін қаламгер жазбалары мен сазгерлердің жан тебірентер әндерін жатқызуға болады.
  • Әлдебіреуді жұбату үшін сөз таппағанда құшақтайсыз. Қатты жақсы көретініңізді, сағынғаныңызды құшақтап білдіресіз.
  • Ашуланғанда әлдекімді немесе үстелді, қабырғаны ұрасыз;
  • Қорыққанда, ұялғанда қолыңызбен бетіңізді басасыз;
  • «Жоқ, керек емес», «Болды, жетеді» дегенде автоматты түрде қолыңызды бұлғайсыз. Сол сияқты бірнәрсені түсіндірмек болғанда, сөздік қорыңыз жетпей жатса да қолыңыз әрекетке көшіп, көмектеседі.
  • Мылқаулар мен саңыраулардың бір-бірімен қол саусақтары арқылы сөйлесуі, түсінісуі, зағип жандардың саусақ ұштарымен кітап оқуы да саусақпен денсаулықты да, өмірді де түзеуге болатынына дәлел.



Пайдасы ҚАНДАЙ?

Йога шеберлері мудра жаттығуларының, яғни қол саусақтарының әр түрлі қалыптары арқылы жан мен тәнді емдеуге болатындығын, сол арқылы табысты, бақытты бола алатыныңызды айтады.

Мудра жаттығулары да, пайдасы да көп. Бірқатарына тоқталып өтейік.

  • Ағзаның қорғаныс қабілетін артырады;
  • Ағзадағы су, от, жер, ауа стихияларының балансын қалыпқа келтіреді;
  • Ерік-жігерді күшейтеді;
  • Жаман ойларды қуады;
  • Адамның ішкі және сыртқы қуатына дұрыс бағыт береді;
  • Ішкі күйді реттеу арқылы психикалық, физикалық жағдайды жақсартады;
  • Әйелдік қуаттың көзін ашып, тартымдылығын, сұлулығын, сонымен бірге табиғат берген көбею қабілетін күшейтеді;
  • Ұйықтап жатқан мінез қабілеттерді, талантты оятады...

Бұның бәріне әр адам өзгенің емес, өз қолының саусақтарымен жете алады. Олай болса, мудра жаттығуларының бірнешеуін орындап көрейік. Дайынсыз ба?



МАХАББАТ шақыратын мудра

Бұл жаттығу жалғыздықтан құтылғысы келетіндерге, отбасылы болса да жүрегі сүйіспеншілікке шөліркеп жүргендерге арналады.

Фото: www.polsov.com

  1. Оңаша, тыныш бөлмеде өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз. Екі қолыңызды алға созып, суреттегі қалыпқа келтіріңіз. Яғни ортаңғы және аты жоқ саусақты бүгіңіз, олардың ұшы алақанға тиіп тұруы қажет. Ал қалған саусақтар мейлінше тік әрі ұштары аспанға «қарап тұруы» керек.
  2. Осы қалыпта отырып, көзіңізді жұмып, қысқа-қысқа 8 рет тыныс алып өкпені ауаға толтырыңыз, сосын аузыңызбен ауаны толық шығарыңыз. Ары қарай бірқалыпты тыныстаңыз.
  3. Ойыңызды жүрекке шоғырлап, ол махаббатқа толып жатқанын елестетіңіз. Бүкіл денеңізбен махаббатты сезіне біліңіз.

Жаттығуға 5 минут арналады. Күніне екі мезгіл жасаңыз. Ең қолайлы уақыт – таңертең және кешке.



ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ жақсартатын мудра


Фото: yoga-media.ru

Жұбайымен немесе сүйген адамымен қарым-қатынасты жақсартатын бұл мудра жаттығуы көңілі жабырқап жүрген, өзін бақытсыз сезінетін, жиі ұрысатындарға арналады.

  1. Жайғасып, ыңғайлы қалыпта отырыңыз. Екі қолды кеуде тұсында ұстаңыз. Оң қол алақаны жерге қарап тұруы керек. Ал сол қол алақаны аспанға қараған қалыпта болсын. Екі қолдың саусақтарын суреттегідей біріктіріңіз. Сосын жүрек тұсына жақындатып (тигізіп) ұстаңыз.
  2. Ойыңызды тынысыңызға бағыттаңыз. Ауа жұтқанда екі қолды екі жаққа кере тартыңыз, бірақ саусақтар ажырамасын. Ал тыныс шығарғанда бұлшықеттерді босаңсытыңыз, бұл кезде де саусақтар ажырамауы керек.
  3. Тыныс алумен бірге орындалатын керу және қайта босаңсуды 6 рет қайталаңыз. Содан кейін қолдарыңызды ажыратып, жаттығуды қайтадан бастаңыз. Енді оң қол астында, ал сол қол үстінде тұрады.

Жаттығуды аяқтаған соң 2-3 минут тыныш қалыпта отыра тұрыңыз. Бұл қалып кезінде жүрек чакрасының қуаты күшейеді екен. Нәтижесінде адамның өзіне деген сенімділігі артып, әңгімеде де, жұбайлық қарым-қатынаста да ашыла түседі екен.

Күніне екі рет орындаңыз.


Медитациялық бұл жаттығуларды ой мен денені барынша босаңсытып, еркін отырып орындағанда нәтиже жылдам байқалады.


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Сізге қай ТҮС ұнайды? (тест)

НЕГЕ жұмысыңды жақсы көру керек?