Оның СЕЗІМІ шынайы ма? Жазған SMS-інен білуге болады

0
6 106

Детекторсыз-ақ, оның сүйетіндігін... алдап жүргенін... көңілі басқада екенін... сезімінің жалғандығын... бәрі-бәрін білуге болады екен.


Оның СЕЗІМІ шынайы ма? Жазған SMS-інен білуге болады

Жантану мамандары адамның КӨЗінен ғана емес, сөйлеген СӨЗінен де оның пиғылын анықтауға болады дейді. Олардың айтуынша, тіпті, вацапта жазған қысқа ғана смс-терінен де оның көңіл көлінің ТАЗА немесе ЛАС екенін, сезімінің шынайылығын білуге болады екен.


Психологтар адамдардың вацап желісінде жиі қолданатын сөздеріне талдау жасай келе, былай дейді:


«Қайырлы таң!»... «Қайырлы түн!»

Егер үнемі ол бірінші болып саған «Қайырлы таң!», «Қайырлы түн» тілесе, онда сенімен сөйлескісі келгені. Бұл сөздер сөйлесуге себеп іздегенін білдіреді.


«Сәлем, не істеп жатырсың?»


Бұл смс-хаттың астарында бірнеше ой жатыр.

  • Егер, бұл смс-хат күндіз жазылса, сен оның ойындасың.
  • Егер, күндіз де, түнде де осындай смс жіберетін болса, онда сағынғаны.
  • Ал, егер бұндай хатты ол үнемі тек түнде жазса, зеріккені, қайда барарын, не істерін білмегені.


«Мүмкін кездесерміз»... «Хабарласармын»


«Қашан келесің? Бүгін кездесеміз бе?» деген хатыңа «хабарласармын», «өзім хабарласамын» деген жауап келсе, аса күтпей-ақ қой. Өйткені, оның жауабында нақтылық жоқ. Саған деген сезімі де нақты емес.

  • Оның дәл қазір сезім байланыстырып жүрген басқа сүйгені бар немесе сенен де маңызды шаруалары жетерлік.
  • «Өзім хабарласамын» деген жауап сонымен қатар, «егер, сенен маңызды адам бүгін кездесуге шықпай қойса онда мүмкін саған қоңырау шаламын» дегенінен де хабар береді.


«Сен өте жақсы қызсың (әйелсің)»... «Сен керемет жігітсің»


Вацаптағы әңгіме барысында ол «Сен өте жақсы қызсың (жігітсің)» деген смс келсе, қуанбай-ақ қой. Әрине, расында да сен жақсы шығарсың, бірақ бұл смс-хаттың жалғасы былай: «...бірақ менде достық сезімнен басқасы болуы мүмкін емес», «екеуміздің жолымыз екі бөлек». Бұл смс-хаттың астарында «екеуміздің болашығымыз жоқ» деген мағына жатыр. Ол сенде көңілі жоқ екенін нақты айта алмайды, ренжіткісі келмейді.


«Керемет!»...

Психологиялық тұрғыда аударсақ, «керемет» деген жауаптың немесе смайлик түріндегі бұндай белгі «Не деп жауап берерімді білмедім» дегенді білдіреді. Ол сенімен ары қарай әңгімені өрбітуге селсоқ. Шаршап отыр немесе сенімен сөйлесу қызықсыз.


«Кешір, жауап беруге уақытым болмады»

Жазған смс-хатыңды ол оқығанымен, жауап 1-2 сағаттан соң немесе кешке «Кешір, жауап беруге уақытым болмады. Қалайсың?» деген түрде келсе, оның сезімі шынайы емес немесе сенде мүлде көңілі жоқ. Әрине, егер бір рет жауап кешіксе, онда оны түсінуге болады. Ал, үнемі ол кешіктіріп жауап жіберсе, онда сен оның ойында да, жүрегінде де емессің. Сен «запастағы» адамсың.

Есте ұстаңыз, егер, оның шын көңілі болса, кез келген уақытта сөйлесуге мүмкіндік таба алады. Шынымен уақыты болмаса, ол қолы босай салысымен, жауап береді. Жіберген видеоларға, «қайырлы түн» тілегіңе «рахмет» деп міндетті түрде жазатыны да – оның сезімінің шынайылығын, көңілінің тазалығын ұқтырады. Сүйген адам қашанда жылдам жауап береді, ал уақыты болмаса оны да жазып ескертеді, әйтеуір жауапсыз қалдырмайды.


Осылай дейді психологтар. Бұл ең көп қолданыстағы смс-жауаптар. Ал, саған келетін бұдан өзге де смс-жауаптардың астарына үңілгің келсе, «Не жазды? Не үшін жазды?» деген сұрақты қайталай отырып оқысаң болғаны. Бірте-бірте өзің-ақ әр сөздің үнін психологтар секілді «ести» бастайсың.

(Суреттер ашық дерекөздерден алынды)

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ? (психологиялық тест)

Біз НЕ ҮШІН ауырамыз? ДӘРІСІЗ-АҚ емделуге болады