Сіздің БАСҚАЛАРДАН АРТЫҚШЫЛЫҒЫҢЫЗ қандай? (тест)

0
4 422

Басты артықшылығыңыз бен ерекше қасиетіңізді біліп алсаңыз, табысыңыз көбейеді.


Сіздің БАСҚАЛАРДАН АРТЫҚШЫЛЫҒЫҢЫЗ қандай? (тест)

«Көз – адамның айнасы» деп бекерге айтылмаған. Бұған суретті психологиялық тестер дәлел бола алады. Мамандар адамның көп суреттің ішінен таңдағанына қарап, оған қысқаша мінездеме беруге болады дейді. Сондай-ақ суретті тестер арқылы адамның қабілет-қарымын, жасырын таланты мен дарынын да анықтауға болады екен.


Ендеше, байқап көрейік. Суреттен жаныңызға жақын, қарағанда көңіліңізге тыныштық сыйлаған бір пейзажды таңдаңыз.



Күз пейзажы

Сізді қуаты таусылмайтын батарейка деуге болады. Қашанда бойыңыздан қуат тасып, ойыңыздан небір идеялар туып жатады.

Шығармашылыққа жақын жан дегеннен гөрі, сізді мықты орындаушы деген дұрыс. Өйткені сіз бір орында отырып қалсаңыз, айналаңыз тынышталып қалса, өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Жоспарларыңыз нақты, мақсаттарыңыз ірі. Бір күнде бірталай істі атқарып тастай алатын қуатыңыз бар. Сізден «Шаршадым» деген сөзді есту өте сирек.

Сіздің шаршамауыңыздың бір сыры – нендей іс бастасаңыз да өздігінен дөңгеленіп кете баратын сәттілікте. Байқамайтын, бағаламайтын шығарсыз, бірақ ойланып қарасаңыз, сіздің армандарыңыздың бәрі орындалған, орындалып жатыр. Өйткені сәттілік айнымас серігіңізі.

Сәттілік сізбен бірге екеніне сенсеңіз, бірер жылда талай белестен асып үлгересіз. Бастысы, ешқашан қызығушылығыз бен позитивті эмоцияңызды жоғалтпаңыз, қуатыңызды зарядтап жүріңіз.



Тау пейзажы

Сіз – тамаша ұйымдастырушысыз, бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін дарын. Әдемі сөйлейсіз. Сөзіңізбен артыңыздан көпті ерте аласыз. Сондықтан да жеке жұмыс істегеннен гөрі командада жақсы жетістіктерге жете аласыз.

Әр түрлі мінездегі адамдардың басын қосып, түрлі көзқарастағы қызметкерлердің ойын бір арнаға тоғыстыратын шеберсіз. Бұл сіздің басқалардан артықшылығыңыз. Бұның бәрі ақылыңыз бен күшті мінезіңіздің және кез келген адамның орнына өзіңізді қойып «көре алатын» түсінігіңіздің молдығында.

Осы басты қасиетіңізді шыңдай түссеңіз, жетістігіңіз бен табысыңыз молаяды.



Теңіз пейзажы

Интуицияңыз жоғары дамыған. Қателесулерден, қиындықтардан осы бір жеке қасиетіңіз сақтап, алып шығып жүр. Бұл сіздің артықшылығыңыз, онымен мақтансаңыз болады.

Адамдарды рентген сияқты бір көріп, тани аласыз. Кімнің қолынан не келетінін, қай жерге дейін бара алатынын сырттай айтып бере аласыз. Алайда өз мүмкіндіктеріңізді байқай бермейсіз. Әйтпесе қазір сіздің материалдық та, рухани жағдайыңыз да басқаша болар еді.

Интуицияңызға сенім артып үйреніңіз. Егер ішкі даусыңызды тыңдап, шешім қабылдарда, таңдау жасарда оның үніне құлақ түріп үйренсеңіз, интуицияңызды жетілдіре түссеңіз, сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Өміріңіздің жылдам өзгергеніне таң қалатын боласыз.



Шөл пейзажы

Өте төзімді, шыдамды адамсыз. Табанды, көпшіл және еркіндігіңізді де ерекше атауға болады. Білімқұмарлығыңыз, кез келген жаңа нәрсені, бағдарламаны, тілді тез үйрене алатын қасиетіңіз – артықшылығыңыз. Бұны жұрттар мойындағанымен, сіз өзіңіз сенбейінше ешнәрсе өзгермейді.

Жаңа ортаға, басқа жұмысқа жылдам сіңісіп кете аласыз. Бұл орайда сабырлылығыңыз және білуге құштарлығыңыз әрдайым көмектеседі. Өзіңіздегі білімге, біліктілікке, табандылыққа сеніңіз, сонда табысыңыз екі еселенеді.



Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ



Тағы да оқыңыз:


Тарағына қарап-ақ ОЛ туралы білуге болады (тест)


«Әйел босанған соң НЕГЕ салмақ жинайды?»: дәрігер психологиялық себебін түсіндірді