Жаман әдеттерден ЖЫЛДАМ құтылудың СУПЕР ӘДІСІ

0
2 249

​Бұл мыңдаған адамға жәрдемдескен психологиялық тәсіл.


Жаман әдеттерден ЖЫЛДАМ құтылудың СУПЕР ӘДІСІ

Жыл басынан бері қай жағымсыз әдетіңізден құтыла алмай жүрсіз? Не кедергі? Жалқаулық па, әлде ерік-жігер күші әлсіздік танытып жатыр ма? Мүмкін мотивация жетпей жатқан болар?!


Бұның бәрінің шешімі – «Декларация» психологиялық әдіс. «Декларация» тәсілінің көмегімен темекіні, тәттіқұмарлықты, сыраны да біржолата қойып, бір айда 10-15 кг салмақ тастағандар да бар. Тіпті үйленуге батылы жетпей жүргендерге де жәрдемдескен.



«Декларация» әдісі ҚАЛАЙ қолданылады?

Ақ қағаз алып, өзіңізге декларация жазып, қол қоясыз. Орындайсыз!

«Декларация» техникасы мынандай қадамдардан тұрады:


1. Нақты мақсат қоясыз.

Мысал: «Бір айда темекіні тастаймын!» немесе «Екі айда 10 кг салмақтан құтыламын!», «Жаңа жылға дейін үйленемін» деп жазасыз.


2. Дедлайн қоясыз, яғни, нақты уақытты белгілейсіз.

Мысал: «Тамыз айында», я болмаса «1-тамыздан бастаймын, нәтиже 1-қыркүйек» деген сияқты мерзімді белгілеуіңіз керек.


3. Көпшілік алдында жариялайсыз.

Мысал: Әріптестеріңіздің алдында (Туысқандар, достар, әлеуметтік желідегі таныстар т.б.) жазған декларацияңызды оқып, сөз бересіз.


4. Көпшілік алдында бір адаммен бәстесіп, қол алысасыз.

Мысал: Өзіңізге берген уәдені, жазған декларацияны нақты бір адамға тапсырып, оны куәгер етесіз. Ол белгіленген уақытқа дейін сізді бақылауға алады.


5. Жаза тағайындайсыз. Орындай алмаған жағдайда не істейтініңізді жазып, сөз бересіз.

Мысал: «Егер сөзімде тұра алмасам, пәленшеге 200 мың теңге беремін», «Декларацияда көрсетілген нәтижеге жете алмасам, пәленшеге ноутбугымды сыйлаймын», «Жеңілсем, ұжымды демалыс аймағына алып барамын. Барлық шығынды өзім көтеремін» т.б.



Артықшылығы НЕДЕ?

1) «Декларация» әдісінің басқа психологиялық техникалардан артықшылығы – мұнда сөз берген адам намысқа тырысады. Намыс ерік-жігерді қамшылайды.

2) Бақылаушылар, нәтижені күтетіндер көп. Декларация қабылдағанда куә болғандар уәде мен мерзімді үнемі еске салып отырады. Бұл қалғымауға, ноқтаны бос жібермеуге күш береді.

3) Жаза да бар. Жаза неғұрлым қатаң болса, нәтижеге соғұрлым жылдам жетуге болады.

4) Сөз күші де – мотивация. Сөзінде тұра алмау – ұят.

Міне, осындай артықшылықтары бар бұл әдіс көмегімен жетістікке жетпеу мүмкін емес.


Бастапқыда «Декларация» әдісінің көмегімен жаман әдеттерден құтылсаңыз, кейін мерзімін «Бір жыл» деп белгілеп, ірі мақсаттарға жету үшін де қолдануға болады.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бұл ҮШЕУІН жасай берсеңіз, ЕШҚАШАН өзгермейсіз


Өмірді өзгерту үшін ТӨРТ ҚАДАМ жасаңыз