​Конституциялық реформалар контекстіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі

0
714

Бұл алаң - азаматтық қоғам ұйымдарындағы құқықтық реттеуді жетілдіру турасында ақпарат алмасуға арналған тұрақты және жүйелі түрде жұмыс істейтін бірегей платформа.


​Конституциялық реформалар контекстіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров пен Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Құқық үстемдігі жөніндегі Қазақстандық бағдарлама шеңберінде Қазақстандағы американдық заңгерлер қауымдастығының (ABA ROLI) өкілдігі ұйымдастырған азаматтық қоғам ұйымдары үшін құқықтық ахуалды жақсарту бойынша арнайы диалог алаңының жұмысына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл алаң - азаматтық қоғам ұйымдарындағы құқықтық реттеуді жетілдіру турасында ақпарат алмасуға арналған тұрақты және жүйелі түрде жұмыс істейтін бірегей платформа.
Шараға 30-дан астам мемлекеттік органдардың, ғылыми орта мен талдау орталықтарының және өңірлер мен ауылдық жерлердегі азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында республикалық референдумды өткізу қарсаңында алдағы конституциялық реформалар контексіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі, сондай-ақ, азаматтық қоғамның заң шығару процесіне қатысуы, әйелдер көшбасшылығы, стратегиялық жоспарлаудың тиімді құралдары; және өңірлік ҮЕҰ мен азаматтық белсенділердің әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Жалпы, диалог алаңына қатысушылар ҚР Президентінің республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамасын және Конституцияға енгізу ұсынылған түзетулерді қолдады.