Референдум: ең көп дауыс берушілер саны Шымкентте тіркелді

0
634

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.


Референдум: ең көп дауыс берушілер саны Шымкентте тіркелді

ERNUR.KZ. Бүгін елімізде өтіп жатқан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі жалпыхалықтық референдумда сағат 10.00-де қанша адамның дауыс бергені белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 % бюллетень алғанын айтты.

Оның ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 26,63 %
Ақтөбе облысы бойынша – 25,62 %
Алматы облысы бойынша – 28,53 %
Атырау облысы бойынша – 29,87 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,20 %
Жамбыл облысы бойынша – 32,16 %
Қарағанды облысы бойынша – 33,56 %
Қостанай облысы бойынша – 30,14 %
Қызылорда облысы бойынша – 28,87 %
Маңғыстау облысы бойынша – 23,67 %
Павлодар облысы бойынша – 33,14 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,17 %
Түркістан облысы бойынша – 33,15 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,88 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,18 %
Алматы қаласы бойынша – 13,91 %
Шымкент қаласы бойынша – 34,19 %.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.00-де беріледі.

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.

Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.