ТҮРКІСТАН: Саурандықтар референдумға қолдау білдірді

0
534

Жалпыхалықтық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Саурандықтар референдумға қолдау білдірді

Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Сауран ауданы, Жүйнек ауылының тұрғындарымен жүздесті.


Бақытжан Жармаханұлы Республикалық референдумда қаралатын мәселе - Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы атап өтті.


Спикер «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымыменде кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді.


Жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.


Тұрғындар мен мектеп ұжымы өз тараптарынан еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.