Қыздардың жігіттерге мүлде ұнамайтын киімдері

0
5 771

​«Ер мен әйел – екі нота. Олардың бірі болмаса, адам жанына ұнайтын әуен шықпайды!», - дейді. Шынында олардың бірі болмаса тіршілік жалғаусыз қалары хақ. Бір кітаптан «Кез келген әйел еркекті көрген кезде, есінде қалуға тырысып, күш салады» дегенді оқығаным бар еді. Шынында әрбір нәзік жанды өз иесінің пікіріне тәуелді. Олай болса, бүгін қыздар үшін қызық ақпарат айтайық. Қыздардың кейбір киімдері жігіттерге мүлде ұнамайды екен. Барлық жігіттің болмаса да, көпшілігінің пікірі осыған тоғысқан. Ендеше, қыздар, мұны назардан тыс қалдырмаңыздар!


Қыздардың жігіттерге мүлде ұнамайтын киімдері

«Ер мен әйел – екі нота. Олардың бірі болмаса, адам жанына ұнайтын әуен шықпайды!», - дейді. Шынында олардың бірі болмаса тіршілік жалғаусыз қалары хақ. Бір кітаптан «Кез келген әйел еркекті көрген кезде, есінде қалуға тырып, күш салады» дегенді оқығаным бар еді. Шынында әрбір нәзік жанды өз иесінің пікіріне тәуелді. Олай болса, бүгін қыздар үшін қызық ақпарат айтайық. Қыздардың кейбір киімдері жігіттерге мүлде ұнамайды екен. Барлық жігіттің болмаса да, көпшілігінің пікірі осыған тоғысқан. Ендеше, қыздар, мұны назардан тыс қалдырмаңыздар!

Мойны ашық көйлектер

Ешбір еркек сүйіктісінің өзгелердің алдында ашық жүргенін қаламайды. Мұндай мойны ашық көйлектер әйелді сылқым етіп көрсетеді, десе де бұл киім кейбір қыздардың образын бұзады. Тым ашық киініп, ер адамдарды ашуландырып алмаңыз!

Фатин белдемшелер

Өйткені бұл пішіндегі белдемше бойжеткенді күлкілі етіп көрсетуі мүмкін. Салмақты жігіттер бұлай киінген қыздарды ұната қоймайды. Сол себептен де белдемшелердің бұл үлгісіне жоламаңыз!

Кең шалбар

Сән үнемі қайталанып отыратындықтан, сәнгерлер соңғы трендпен емес, есте қалатындай киіну керек деп түсіндіреді. Кең балақты шалбарлар өткен ғасырда үлкен сұраныста болғаны белгілі, ол жағдай соңғы кезде тағы да қайталанып жүр. Бірақ жігіттер қауымы бұл шалбардан шошитын сияқты...

Кроп-топ

Жігіттердің барлығы дерлік нәзік қыздарды ұнатады. Олар өздері сияқты джинсы шалбар мен жеңіл жейде киіп алған бойжеткендерге аса қызығушылық танытпайды екен.

Кең көйлектер:

Соңғы кезде тым кең тігілген көйлектер сәнге енді. Оны балеткамен, спорттық аяқ киімдермен, тіпті биік өкшелі туфлилермен де киюге болады. Бірақ бұл кез келген қызға жараспайды. Кейбір қыздар осы көйлектің әсерінен жүкті сияқты көрінуі мүмкін. Мүсініңіз мінсіз болмаса, бұл киімге жоламай-ақ қойыңыз. Жігіттердің ызасына тиесіз.

Қарашаш Есенбай

Фото әншінің инстаграм парақшасынан алынды.