Еуропадағы ЕҢ КІШКЕНТАЙ елдерге де саяхаттауға болады

0
3 320

Тіпті, бір елде жұмыссыздық деген ұғым жоқ екен.


Еуропадағы ЕҢ КІШКЕНТАЙ елдерге де саяхаттауға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Саяхатан керемет ләззат алу үшін міндетті түрде аумағы үлкен елдерге бару керек деген қағида жоқ. Өйткені Еуропаның өзінде жер көлемі кішкентай болса да, туризмі кез келген елмен теңесе алатын мемлекеттер бар. Ол елдер жайлы әр адамның біліп жүргені артық болмас деген оймен назарларыңызға ұсынуды жөн санадық. Сонымен, кәрі құрлықтағы саяхаттауға таптырмас шағын елдер қандай?


Ватикан - 0,44 шаршы шақырым

Ватикан ресми түрде өз алдына бөлек ел емес. Ол Рим Папасы басқаратын «Тәуелсіз қала – мемлекет» мәртебесіне ие. Дегенмен, 900 ғана тұрғыны бар Ватиканда демократиялық саясат салтанат құрған. Яғни, біреу біреуге бағынышты емес.Сондай-ақ, бұл ел аумағының жартысы саябақтардан тұрады. Ал, көптеген туристер бұл жердің тарихына, тарихи жәдігерлері мен көне сәулет туындыларына тәнті болады. Мысалы, мұнда талай адамды тамсандырған Әулие Петрдің сарайы, ежелгі жәдігерлермен қамтылған мұражайлар бар.



Монако — 1,95 шаршы шақырым

Еуропадағы «Тәуелсіз қала-мемлекет» мәртебесін иеленген тағы бір шағын ел — Монако. Оның бір жағы Франция территориясымен, екінші жағы теңізбен шектеліп жатыр. Сондықтан бұл елге баратын туристер саны өте көп. Сондай-ақ, Монако – көптеген рекордтардың иесі. Атап айтсақ, Монако Еуропадағы халықтың тығыздығы жағынан ең жоғары көрсеткішке ие. Мұнда 1 шаршы шақырым жерге 16403,6 адамнан келеді. Сонымен қатар, әлемдегі жұмыссыздық деңгейі ең төмен ел. Яғни, мұнда жұмыссыздық деңгей 0 пайызға тең.

Одан бөлек, әлемдегі ең бай адамдардың сәнді яхталары мен казинолары да дәл осы Монакода.Егер, Фрапнцияға барып, Монакға да саяхаттауды жоспарласаңыз, Ницца қаласы арқылы жету ыңғайлы, жылдам әрі арзан болады.



Сан-Марино — 61 шаршы шақырым

Шағын мемлекеттер қатарына кіретін Сан-Марино Республикасы қазіргі ең көне Тәуелсіз мемлекет. Бұл ел 301 жылы 3 қыркүйекте құрылған екен. Осындай тарихы терең мемлекетті аралау үшін бір-ақ күн жетеді екен.



Лихтенштейн - 62 шаршы шақырым

Австрия мен Швейцарияның ортасында орналасқан орта ғасырлық Лихтенштейннің де ерекше рекорды бар. Атап өтсек, Лихтенштейн әлемдегі сыртқы қарызы ең аз ел болып саналады.

Сонымен қатар, бұл ел аумағындағы Альпі тауында қысқы спорт түрлерімен айналысуға тамаша жағдай жасалған.



Мальта — 316 шаршы шақырым

Мальта Республикасы бір емес, Мальта, Гозо және Комино атты үш аралдан тұрады. Ел Жерорта теңізінің жағалауында, Сицилияның оңтүстігінде және Тунистің шығысында орналасқан. Сондықтан Мальтаның жазғы ауарайы ыстық, ал қысқы ауарайы қолайлы болады. Содан да болар, бұл елден қысы-жазы туристер легі үзілмейді.



Андорра – 468 шаршы шақырым

Шығыс Пиренейде орналасқан, Испания және Франциямен шекаралас орналасқан Андорраға жыл сайын миллиондаған турист барады. Себебі, онда қысқы спорт туризмі өте жақсы дамыған. Олардың ішінде саяхаттап қана қоймай, арзан бағаға электроника, алкоголь және темекі сатып алып кететіндері де көп екен.



Кипр – 9 251 шаршы шақырым

Кипр әлем жұртына шулы би кештерімен, қызықты іс-шараларымен және керемет жағажайларымен танымал. Сонымен қатар, Кипрде су асты туризмі, яғни сүңгу үшін керемет жағдайлар жасалған. Ондағы Ларнака портына жақын орналасқан Зенобияның жолаушылар паромының апатқа ұшыраған жері (1980 жылы алғашқы рейсінде батып кеткен) әлемдегі сүңгуірлер үшін ең қызықты орындардың бірі болып саналады.



Косово – 10 887 шаршы шақырым

Косово әлем картасында небәрі 2008 жылы пайда болған ел. Сондықтан оны кішкентай ел деп қана емес, ең жас елдердің бірі деуге болады. Сол себепті 2 миллионға жуық тұрғыны бар елді бүкіл әлем біледі деп айта алмаймыз. Бірақ, туристік бағыт ретінде ерекше орны бар. Ондағы тарихи орындар, базарлар мен мейрамханалар, демалыс орындары мен шаңғы тебуге арналған орындар кез келген саяхатшының көңілінен шығатыны анық.



Черногория - 13 812 шаршы шақырым

Шағын ғана Черногория туристерді балық аулайтын ауылдар, жеке гроттар, жағажайлар және курортты Адриатикалық жағалауларымен тартады. Сондай-ақ, ондағы тау пейзаждары, ормандардың арасындағы көлдер мен өзендер, қарлы тау шыңдарындағы шаңғы тебетін орындар да көздің жауын алмай қоймайды. Сонымен қатар, Черногорияда Колашин деп аталатын әлемдегі ең мықты курорт орналасқан.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Туристерге көрсетілетін қызмет құны ҚЫМБАТ БОЛАДЫ - экскурсовод Грузия жайлы айтып берді


Саяхаттап жүріп те АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ