МАМЫР АЙЫНДА: Естен кетпес отбасылық демалыс үшін қайда бару керек?

0
1 432

Саяхат бағытын таңдаудан қателеспеу керек.


МАМЫР АЙЫНДА: Естен кетпес отбасылық демалыс үшін қайда бару керек?

илююстрациялық фото: ашық дереккөзден

Мальдив аралдарына саяхат

Мальдив аралдары – Үнді Мұхитындағы тропикалық аралдар, көктемде демалуға өте ыңғайлы. Мамыр айында ауа бағаны шамамен +30-+ 32°C және теңіз жылы болады, яғни күнге қыздырынуға және жүзуге ыңғайлы болады. Жаңбырлы маусым көктемнің соңында басталғанымен, тез өтіп кетеді. Мальдив аралдарында жағажайда демалып қана қоймай, сонымен қатар су астында жүзу, сүңгу, дельфиндерді көру және т.б. ерекше әрекеттерді жасай аласыз. Бұл жер ерлі-зайыптылар үшін ғана емес, балалары бар отбасылар үшін де тамаша таңдау.


Түркиядағы демалыс

Мамыр айында Түркияға барып, балалармен бірге уақыт өткізу де демалудың тамаша нұсқасы. Бұл кезде ауа температурасы да, теңіз суы да жылы болады. Анталия, Аланья, Кемер және Си сияқты курорттарда демалу да ерекше әсер сыйлайды. Мамыр айында Түркияда шомылып қана қоймай, экскурсияға, серуендеуге шығуға және велосипедпен жүруге болады. Курорттарда балаларға арналған көптеген іс-шаралар өтеді. Ал Антальяда хайуанаттар бағы, аквариум және дельфинарий бар. Ашық ауада әуесқойлар парасейлингті, Ликия соқпағымен жүруді, арбамен жүруді немесе рафтада жүзуді таңдай алады. Түркияда көруге тұрарлық көптеген тарихи орындар да бар.


БАӘ туры

БАӘ – мамыр айындағы демалыс үшін жақсы таңдау, әсіресе айдың басында. Күндіз шамамен +35-+ 37°C, ал теңіздегі су +27-+ 29°C шамасында болады. Отбасы үшін Дубай, Шарджа, Абу-Даби және Рас-Эль-Хайма қолайлы. БАӘ-де балаларға арналған көптеген іс-шаралар бар: ойын-сауық саябақтары, аквапарктер мен дельфинарийлер. Егер қар көргіңіз келсе, Дубайдағы жабық шаңғы кешеніне баруға болады.

Дубайда серуендеп жүргенде, қаланы жоғарыдан көру үшін Бурдж Халифаның жоғарғы қабаттарына көтерілсеңіз болады. Сондай-ақ, субұрқақ шоулары, үлкен сауда орталықтары және жергілікті базарларға баруға тұрарлық орындар болып саналады.


Египетке жолдама

Бұл уақытта Египеттегі теңіз жағасындағы курорттарда ауа-райы тыныш және жайлы. Шарм-Эль-Шейхте, Дахабта, Хургадта және Табада ауа шамамен +30°C дейін, ал Қызыл теңіздегі су +26°C дейін қызады. Египетте аквапарктерге баруға, шөлде квадроциклдер және джиптермен серуендеуге, су астында жүзуге болады.


Италияда демалыңыз

Ауа температурасы +20-+25°C аралығында болады, бұл серуендеуге және көрікті жерлерге баруға өте ыңғайлы. Теңіз суы жылына бастайды және біреулер үшін салқын болса да, Римини, Калабрия және Сицилия жағажайларында алғашқы шомылушылар пайда болады. Осы кезеңде Италия өзінің пейзаждарымен, гүлденген бақтарымен және жұмсақ климатымен қуаныш сыйлайды.

Көптеген ойын-сауық саябақтары, аквапарктер және тақырыптық мұражайлар балалары бар отбасыларды күтеді. Мысалы, Гардаландта немесе Адриатика жағалауындағы Риминиде барлық жастағы адамдар үшін қызықты аттракциондар мен ойын-сауық орындары бар. Ашық ауада әуесқойлар Тоскананың көркем аңғарларында серуендеуге, көлдердің айналасында велосипедпен жүруге немесе каноэ мен виндсерфингпен су кеңістігін бағындыруға мүмкіндік болады.


Испанияға саяхат

Бұл айда Испанияда ауа температурасы +20-+25°C шамасында болса, теңіз жылынып, Коста-Брава, Коста-дель-Соль немесе Балеар аралдарында алғашқы шомылатын туристер пайда бола бастайды. Бұл уақыт Испаниядағы туристік турларды зерттеуге өте ыңғайлы.


Испанияда балалары бар отбасылар үшін Барселона маңындағы ПортАвентура сияқты тақырыптық саябақтардан бастап, Канар аралдарындағы аквапарктер мен хайуанаттар бағына дейін көптеген іс-шаралар бар. Ашық ауада Андалусия немесе Коста-Брава сияқты көркем жерлерде велосипедпен жүруге, Сантьяго жолымен серуендеуге немесе жағалаулардың бірінде виндсерфинг жасауға болады.


Көктемнің соңы Испанияның өнері мен тарихынан ләззат алудың тамаша уақыты: Мадрид мұражайларына, Сеговиядағы керемет альказарға, Барселонадағы Саградаға немесе Гранададағы Араб сарайларына баруға болады. Мамыр айында Испанияда осы таңғажайып елдің мәдениеті мен дәстүрлерін жаңа қырынан танытатын түрлі фестивальдар мен мерекелер де өткізіледі.


Тайландқа барыңыз

Мамыр айында мұнда муссон маусымы басталады, бірақ бұл қорқынышты болмауы керек: жаңбыр әдетте қысқа және негізінен кешке жауады, ауа температурасы +30°C шамасында болады.


Тайланд Пхукет, Самуи, Фанган сияқты аралдардағы керемет жағажайларды ұсынады. Бұл Андаман теңізінің немесе Таиланд шығанағының су асты әлемін зерттеуге мүмкіндік береді.

Таиландта балалары бар отбасылар үшін көбелек бақтары мен аквапарктерге барудан бастап, пілдерге арналған джунгли экскурсияларына немесе ұлттық саябақтардағы жергілікті флора мен фаунаны зерттеуге дейін көптеген ойын-сауық іс-шаралары болады. Таиланд өзінің қонақжайлылығымен және балаларға мейірімді болуымен танымал, бұл бүкіл отбасыға арналған демалысты ыңғайлы етеді.


Ежелгі Сиамның рухын сезіну үшін Ват Фра Кео және Ват Арун, ежелгі Аюттая және Сухотай қалалары сияқты Бангкоктың керемет храмдарына барыңыз. Чианг Май немесе Чианг Рай сияқты елдің солтүстік аймақтарына саяхат жасау сізге таулы тайпаларға бірегей экскурсиялар олардың әдет-ғұрыптары және дәстүрлерімен танысуды ұсынады.


Грузияға ұшу

Егер сіз көктемгі демалыс үшін тамаша орын іздесеңіз, Грузияны естен шығармаңыз. Мамыр айында Грузия туристерді жылы ауа-райымен, керемет пейзаждарымен және қонақжай адамдарымен қарсы алады.

Сөйтіп, бірегей мәдениетін, әйгілі грузин тағамдары мен шараптарының дәмін татуды, керемет табиғаттан ләззат алу мүмкіндігін ұсынады. Тбилиси мен Мцхета сияқты көне қалаларды зерттей аласыз, ғасырлық тарихы бар көшелермен серуендей аласыз, ежелгі храмдар мен фортецияға бара аласыз.


Табиғат әуесқойлары үшін Грузияның таулы аймақтарына барып, панорамалық көріністерді тамашалап, көркем жерлерде серуендеуге болады. Егер босаңсуды қаласаңыз, шарап турлары мен дәстүрлі грузин қонақ үйлерінде демалудың нұсқаларын қарастырыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ТУРИСТЕР үшін ең ҚАУІПТІ тоғыз ҚАЛА


ЖОЛЖАЗБА: Тарихи жәдігерлерді ТҮГЕЛДЕЙ САҚТАП ҚАЛҒАН қала бар!