Шымкенттік аудан әкімі: Тұрғын үйлерде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет

0
1 247

Кездесу барысында, көпқабатты тұрғын үйлерге сервистік мекемелердің көрсетіп жатқан қызмет түрлерін тиімді үйлестіру мақсатында талқылау жасалды


Шымкенттік аудан әкімі: Тұрғын үйлерде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов аудан аумағында жұмыс жасап жатқан сервистік мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Кездесу барысында, көпқабатты тұрғын үйлерге сервистік мекемелердің көрсетіп жатқан қызмет түрлерін тиімді үйлестіру мақсатында талқылау жасалды.

Атап айтқанда, ауданда 9 сервистік мекеме жұмыс атқарады. Олардың қызмет түрлері, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс алаңын және ауласын санитарлық тазалау, жертөледегі инженерлік құбырларға қызмет көрсету. Яғни, көпқабатты тұрғын үйді қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу.

Аудан әкімі алдағы уақытта сервистік мекемелерге бірлесіп жұмыс атқаруды және өздігінен жұмыс жасап жатқан көпқабатты тұрғын үйлерді біріктіріп, басқарушы компания құруды, көрсетілетін қызмет түрлеріне тарифтік жүйелерін біркелкілендіруге және көрсететін қызмет сапасын арттыру қажеттігін айтып, сервистік мекемелердің жұмысын жандандыруды тапсырды.

Аудан тұрғындары көпқабатты тұрғын үйге сервистік қызмет көрсетуші мекеме қажет болған жағдайда, 54-96-54 байланыс телефоны арқылы мекен-жайға байланысты мәлімет алуға болады.