Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

0
769

Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу бүгін 27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді.


Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

Белгілі жазушы ардагер журналист, аудармашы Мархабат Байғұт 77 жасында бақилық болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Пістелі ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сібір және Забайкалье әскери округтерінде әскерде болған. 1968-74 жылдары Түлкібас аудандық газетінде корректор, аудармашы, бөлім меңгерушісі, 1974-84 жылдар аралығында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде аудармашы, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1984-85 жылдары облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, 1985-92 жж. Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің жетекшісі, 1992-93 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1993-98 жылдары облыстық тіл басқармасының бастығы, 1998-2001 жылдары облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары, 2001-2003 жылдар аралығында осы басқарманың бастығы, 2003-04 жылдары облыстық ақпарат басқармасының бастығы, 2005-2008 жылдары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы, 2008 жылғы мамыр айынан 2012 жылғы мамыр айына дейін «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік өңір бойынша (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл) арнауылы тілшісі, 2012-2016 жылдары «Қазығұрт KZ» альманахының, кейіннен журналының бас редакторы қызметін атқарған.

2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болған.
Мархабат Байғұт "Сырбұлақ", "Интернаттың баласы", "Қорғансыз жүрек", "Дауыстың түс", "Машаттағы махаббат", "Серт пен сенім", "Ақпандағы мысықтар" кітаптарының авторы. Шығармалары бірнеше тілге аударылған.
Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу бүгін, 27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді. Жаназа намазы сағат 15:00-де Байғұт Баба мешітінде оқылады. Марқұмның Түлкібас ауданы Түркібасы әулие етегіндегі Азаттық ауылының мазарына қойылатыны хабарланды.
ERNUR.KZ ұжымы қайтыс болған марқұмның отбасына, етжақын туыс­­тары мен бала-шағасына қайғырып көңіл айтады.