Бір қойылымда үш кейіпкерді сомдайтын актер

0
848

Актер 2006 жылдан бері Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында қызмет жасап келеді.


Бір қойылымда үш кейіпкерді сомдайтын актер

Шымкенттік актер бір қойылымның өзінде үш кейіпкерді сомдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Театр сахнасында, әсіресе қуыршақтың кейпіне еніп, түрлі образды ойнап шығу асқан шеберлікті қажет етеді. Қойылым барысында бір емес үш бірдей қуыршақты дыбыстап, кейіпкердің болмысын айнытпай салатын Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірмдер театырының жоғары дәрежелі әртісі Нұржан Рүстембековті бірі білсе, бірі білмес.
Нұржан Мүсірепұлы 2006 жылдан бері Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында қызмет жасап келеді. Театрдың тұрақты көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген әртістердің бірі. Қуыршақ театрында жыл бойындағы кез-келген премьераларда Нұржан сомдаған кейіпкерлерді көруге болады. Тіпті, бір қойылымның өзінде үш қуыршақты жандандырып берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындайды.
Нақтырақ айтатын болсақ, Н.Рүстембеков, М.Ахмановтың «Алдар көсенің айласында» - Алдар, Ә.Табылдының «Бәрекелді, кірпі» қойылымында қоян, қасқыр, кірпі. Ә.Файзуллаұлының «Үй таңдаған лақ» қойылымында - түлкішек, аю, қоян кейіпкерлерін шеберлікпен сомдап жүр. Осынау шеберлігінің арқасында көрерменнің көзайымына айналды.
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 1983 жылы құрылып, 1984 жылы алғаш рет Г.Ландаудың «Ку-ка-ре-ку» спектаклiмен шымылдығын ашқан болатын.
Театр репертуарында бүгінгі таңда отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы бар.
2019 жылы театр өзінің алғашқы атауын қайта алып, қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры болып аталуына орай, 37 маусымында «Жастар жылы» аясында тұңғыш рет шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын жасөспірімдерге арнап сахналады.