Биыл Шымкентте 200-ге жуық аялдама жаңартылды

0
675

Орнатылған аялдамалар шыныдан жасалған.


Биыл Шымкентте 200-ге жуық аялдама жаңартылды

Биыл Шымкенттегі ескі аялдамалардың 178-і жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде Төлеметов, Ізгілік, Патеев, Желтоқсан, Исмайлов, Жібек жолы сияқты бірнеше көшелер мен Тәуке хан, Республика, Бәйдібек би даңғылдары бойындағы аялдамалар бар. Барлығы жаңа типте салынған.

Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, орнатылған аялдамалар шыныдан жасалған. Қоғамдық көлікпен жүретін көпшілік үшін барлық жағдай оңтайландырылған.
Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қалаға іргелес жатқан елдімекендерге атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас пен Қарабастау тұрғын алаптарына орнатылуда.
Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы - сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады.
Қазіргі таңда Шымкентте 1 886 аялдама орны бар болса, оның 1336-сы аялдама павильоны, қалғанына арнайы белгілер орнатылған.