Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке дейін, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азаяды.
Биыл Шымкент қаласында 24 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында қаламыздағы 203 мектепте 242 525 оқушы білім алса, оның ішінде 11 сыныпта - 11 189 оқушы, 9 сыныпта – 19 251 оқушы. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Шымкент қаласы Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Бұл жердегі Полиция Департаментінің жауапты инспекторлары мектептердегі қауіпсіздікті тікелей бақылап отырады. Одан бөлек, мектептердің кіреберістеріне адам келбетін танитын турникеттер орнатылған және арнайы мамандандырылған күзет қызметтерімен 100% келісім шарт түзілген. Өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынса, биыл 17 мектеп салу жоспарлануда. Келер жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетін болады. Одан бөлек, Оқушылар сарайы мен Саз мектебі салынуда.