Бизнес-жоспары мақұлданып, 583 400 тг ( 200 АЕК) көлемінде қаржыға кол жеткізген.
Шымкент қаласының тұрғыны Аманқұлова Марал Пилмаханбетқызы мемлекет қолдауымен өз кәсібін ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ол атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде 2021 жылдың сәуір айында қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінім білдірген.
«Тігін шеберханасы» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынып, нәтижесінде бизнес-жоспары мақұлданып, 583 400 тг ( 200 АЕК) көлемінде қаржыға кол жеткізген. Бөлінген қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып, қазіргі таңда тапсырысқа медициналық киімдер мен бетперделер тігеді.
Үй жағдайында тігін ісімен айналысатын қала тұрғыны бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта тігін шеберханасын дамыту жоспары да бар.
Айта кетсек, былтырғы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 784 жұмыссыз азаматтарға грант беріліп, қазіргі таңда өз бизнестерін дамытуда.
Ал, биылғы жылы ҚР Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекттік грант 400 АЕК көлемінде беру жоспарланып отыр.