Шымкент: Қоян өсіріп пайдаға кенелген кәсіпкер

0
904

Қоянның еті көп ауруға ем болса, жүнінен түрлі қымбат бағалы бас киім мен сырт киім тігуге болады.


Шымкент: Қоян өсіріп пайдаға кенелген кәсіпкер

Шымкент қаласында қоян өсіру кәсібіне қызығушылық артып келеді. «Қайнарбұлақ» тұрғын алабыныңтұрғыны Алексей Костылев қоян өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол 2019 жылдың желтоқсан айында қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Содан кейін «Бизнес бастау» жобасының кәсіпкерлік негіздері оқып, сертификатын алған. Алексей Костылев биыл мемлекеттік грантқа құжат өткізген. Қоян шаруашылығын дамытуға негізделген бизнес жоспары комиссия тарапынан мақұлданып, тиісті грант қаражаты есеп-шотына аударылған. Ол мемлекеттен алған қайтарымсыз қаржыға 50-ге тарта қоян мен олардың азығын сатып алды.

Қазіргі уақытта оның шаруашылығында 70-тенастам қоян бар. Олардың дені сирек кездесетін тұқым саналады. Бүгінде кәсіпкер қояндардың етін сатумен айналысады. Кәсіп иесінің айтуынша, қоянның еті көп ауруға ем болса, жүнінентүрлі қымбат бағалы бас киім мен сырт киім тігуге болады. Ал қоянның қиы бау-бақшаға таптырмас био өнім.

Алексей бұл іспен төрт жылдан бері айналысып келеді. Алдағы уақытта аталған шаруашылықты дамытып, қоянның терісін өңдейтін істі бастауға ниеттеніп отыр.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 4914 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланса, қазіргі таңда 1929 азамат комиссия шешімімен грант иегері атанған.