Жеке үйде ата-анасы және үш бала - 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалар көз жұмған.
Шымкентте бес адамнан тұратын отбасы қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алдын ала болжам бойынша отбасының ажал құшуына иіс тию себеп болуы мүмкін.
Ынтымақ-2 елді мекенінде тұратын жеке үйде ата-анасы және үш бала - 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалар көз жұмған.
Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі қайғылы оқиғаны растады. Сондай-ақ қазір жан-жақты тергеу және анықтау жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментіне, газ беру қызметтеріне, аудан әкімдіктеріне көпқабатты және жеке секторлардағы газ жабдықтарын бақылау мақсатында кешенді тексеру жүргізуді тапсырып, пешпен жылыту қолданылатын үйлер де тексерілетінін айтты.