Қазіргі уақытта мектеп құрылысының 95 пайызы аяқталған.
Жаңа оқу қарсаңында қала аумағында бой көтерген жаңа мектептер саны артуда. Соның бірі Шымкент Сити шағын ауданында 2,8 гектар көлемді алып жатқан «Seitzhan school» жекеменшік жалпы орта мектебі. Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов 900 орынға арналған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысуға барды. Қазіргі уақытта мектеп құрылысының 95 пайызы аяқталған. 2021 жылы басталған құрылыс жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.
«Seitzhan school» мектебі жаңа шағын ауданда орын тепкендіктен, мұнда салынып жатқан биік, көп қабатты тұрғын үйлердің көптігіне байланысты оқушы саны басым деуге болады.
Дегенмен, жаңа мектептің жанында көршілес 1200 орындық №89 жалпы орта мектебі орналасқан, бұл жерде 2408 оқушы білім алады. Сонымен қатар 1200 орындық №135 орта мектеп те осы шағын ауданда, мұнда 1886 бала білім алады.
Айта кетейік, «Seitzhan school» мектебі балалардың пәндік оқыту сабағынан бөлек, түрлі үйрімелерге баулитын қосымша сабақтар кабинеті, бассейн және кең спорт залымен, асханамен қамтылған. Жаңа заманға сай технологиядық құрылыс материалдары, ерекше дизайнмен салынған мектеп есігі оқушыларға айқара ашық.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі