Жиында ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанай Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.
Шымкент қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиында ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанай Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.
Сондай ақ, қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльмира Созақбаева баяндаса «Сана-сезім» үкіметтік емес ұйымының қызметкері Шахло Юсупжанова және Қаратау аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Бекмурзаева өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады.