​КИЕЛІ МЕКЕН: «ШЫМ ҚАЛА» аумағы мен Қажымұқан стадионы маңы тазаланды

0
428

Тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де, жастар да қатысты.


​КИЕЛІ МЕКЕН:  «ШЫМ ҚАЛА» аумағы мен Қажымұқан стадионы маңы тазаланды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындареспубликалық “Таза Қазақстан” акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мегаполистегі Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де, жастар да қатысты. Аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп, шөп орып, ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады.
— Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы керек. Қоқысты қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешені санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника, 130-дан астам адам жұмылдырылды.

Соынмен қатар, республикалық “Таза Қазақстан” акциясының «Киелі мекен» апталығында Тұран ауданында Қажымұқан стадионы мен сол маңдағы спортшылар аллеясында, балалар темір жолы бойында да тазалық шаралары өтті.

Науқанға қатысушылар стадион айналасындағы арамшөптерді орып, реттеп, Қажымұқан ескерткіші мен спортшылар аллеясындағы даңқты спортышыларға арналған тақтайшаларды жуып-тазалап, балалар темір жолы бойын қоқыстан тазартты.
— Қажымұқан стадионына еліміз ғана емес, шетелдік азаматтар көп келеді. Түрлі жарыстар мен жиындар өтеді. Сондықтан бұл маңды таза ұстауға, көгалдандыруға көп көңіл бөлінеді,— дейді Тұран ауданы «Қоғамның орта сапасын дамыту» бөлімі басшысының міндетін аатқарушы Жәңгірхан Байсал.

Жалпы, Қажымұқан стадионы аумағында өткен тазалық шараларына жұмысқа 2 техника, 50 адам жұмылдырылды.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді.