Сессия жұмысына 1000-нен астам адам қатысады.
26-27 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессия жұмысына Шымкент қаласынан жалпы саны 21 делегат қатысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.
Бүгін Астана қаласында ҚХА XXXII сессиясы басталды. Сессия жұмысына 1000-нен астам адам қатысады. Ол тізімде парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломаттық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымының, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Сессияның бірінші күні Шымкент қаласынан барған делегация мүшелері Назарбаев Университетінде «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы ҚХА XXXII сессиясы тықырыбын секциялық пікірталас алаңдарында талқылады.