​«Қырық мысал-қырық мақал»: Шымкентте көшпелі әдеби тіл керуені өтті

0
766

Шара барысында жаңылтпаш жарысы ұйымдастырылды.


​«Қырық мысал-қырық мақал»: Шымкентте көшпелі әдеби тіл керуені өтті

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұйымдастырумен «Shymkent Plaza» ойынсауық орталығында «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы республика көлемінде аталып өтілуде.

Осы орайда, іс-шарада ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі - мақал-мәтел мен жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатында жаңылтпаш жарысы ұйымдастырылды.