Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар, дәстүр жанашырлары, 6506 әскери бөлімінің сарбаздары және қала тұрғындары қатысты.
ERNUR.KZ. Бүгін 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, «Наурыз» алаңында «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар, дәстүр жанашырлары, 6506 әскери бөлімінің сарбаздары және қала тұрғындары қатысты. Көрермендерге арнап Шымкент қалалық Мәдениет үйі, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен өзге де мәдениет мекемелерінің өнерпаздары өнер көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау.