Қазір Шымкентте 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері.
ERNUR.KZ. 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай, көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі.
2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді.