Кездесуде компания басшылары зиян келтірілген нысандарды қайта қалыпқа келтіруге ерікті түрде көмек көрсету жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесуде компания басшылары зиян келтірілген нысандарды қайта қалыпқа келтіруге ерікті түрде көмек көрсету жөнінде ұсыныстарын білдірді. Қала әкімі осындай сын сағатта қала өмірі үшін алаңдап жатқан кәсіпкерлерге өзінің алғысын айтты.
- Еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Мемлекет ішіне іріткі салып, тәуелсіздігімізді талқандамақ болды. Президентіміздің қабылдаған шұғыл шешімдерінің арқасында еліміз қайта қалыпты өміріне оралуда. Өздеріңізге белгілі, лаңкестерден ауыр зардап көрген өңірлер қатарында Шымкент те бар. Бұзақылар әкімдіктен бастап әлеуметтік-мәдени нысандарды қиратты. Десек те, арандатушыларға ермей қаланы талқандауға қарсы шыққан шымкенттіктер де болды. Тұрғындарды сабырға шақырып, бұзақыларға ермеуге үндейтін ерікті жасақтар құрылып жатыр. Сіздердің де көмек көрсетейік деген ниеттеріңіз қуантарлық. Осылайша қиын кезеңді бірге жеңеміз деп сенемін, - деді М.Әйтенов.