«Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

0
671

Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді.


«Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» мақсатында Авиценна көпсалалы медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану, жастарды спортқа баулу.
Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер психиатры нарколог Садыкова Майра , Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің тренері Ахатаев Абзал, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Унифайттан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чимкентбай Куаныш қатысты.
Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар, сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Одан бөлек, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары арасында «IT саласының қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған жобаның мақсаты - жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру. Кездесу барысында IT мамандары оқушыларға мамандық таңдауда қателеспеуге шақырып, сала туралы бірқатар ақпараттар айтылды.

Сондай-ақ, олар технологиялық бағыттағы бірқатар мамандықтарға тоқталып, өз тәжірибелерімен де бөлісті.

- Қазір техникалық салалар күн сайын дамып, қоғамда үлкен сұранысқа ие болуда. Тіпті кейбір жұмыс орындары IT саласының білікті мамандарын қажет етеді. Сіздер де алдағы уақытта үлкен жұмыс орындарында білікті маман атанғыларыңыз келсе, мамандық таңдауда дұрыс бағыт ұстаныңыздар, - деді Азімхан Санат.