​Өңірлік резервке қалай түсуге болады

0
756

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.


​Өңірлік резервке қалай түсуге болады

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Жобаға жас басқарушылар пулын қалыптастыру жөнінде Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан атап өткендей Өңірлік кадр резервіне алынған тұлғалар 2 жыл ішінде, сайланатын лауазымдарды қоспағанда 30 кандидат Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналаса алады.

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Іріктеу келесі негізгі 7 салалық бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Индустрия және өнеркәсіп;
  • Экономика және қаржы;
  • Элеуметтік сала;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
  • Цифрландыру;
  • Экология.

Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін 1 - 31 наурызы аралығында үміткерлер onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктеп, бағытты таңдауы тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

Қажетті құжаттар тізімі:

  • ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
  • білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған іріктеу тәртібінің нысаны қосымшасы бойынша өңірлік резервке кандидаттың қызметтік тізімі;
  • түрлі түсті фотосурет.

Іріктеу 4 кезеңнен тұратын болады:

  • Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
  • Заңнаманы біуге тестілеу және жеке қаситетерді бағалау;
  • Уәкілеттеі орган жүргізетін құзыреттерді бағалау
  • Комиссиядағы құрылымдық сұхбат.

Жеке кабинетте тіркелгеннен кейін үміткер бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауы керек. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді. .

Тестілеу офлайн форматта өтеді. Тесттің өзі екі блоктан тұрады – заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау.

Заңнаманы білуге тестілеу 5-9 сәуір аралығында өтеді. Жеке қасиеттерін бағалауға арналған екінші тестілеуге ең жоғары балл алған үміткерлердің 50 % ғана жіберіледі.

Құзыреттерді бағалау бойынша іріктеудің үшінші кезеңі 22 сәуірден 7 маусымға дейін Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді.

Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.

Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер қалыптастырылады, олар кандидаттың жеке кабинетінде орналастырылатын болады деп түсіндірді Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан.

Соңғы, төртінші кезең – сұхбат, онда кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізеді. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін сұхбат кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, бизнес-қоғамдастықтар, салалық сарапшылар қатыса алады.

Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, сондай-ақ жобаның сайтында орналастырылатын болады.